Ойын үшін ең
үздік TV
Ойындар ешқашан бұндай
шынайы болмаған. Теледидарды
дұрыс таңдау ойыннан алар
әсерді қалай жақсартатынын ары
қарай оқыңыз.
Ойын үшін жаңа TV сатып алуға әзір болсаңыз, мына заттарды ескеріңіз:
Ойынның басталуына, міне, аз қалды, керегіңді алып қал.
Ыңғайлы қосылыс
Xbox One, PS4 және Nintendo Switch сияқты ойын консольдерінде ойнаған кезде ескеретін бірінші нәрсе — ойын ортасын орнату қаншалықты ыңғайлы болады. Егер ТД ойын консолін қосылған кезде автоматты түрде анықтай алса, керемет болмас па еді? Егер ТД қандай ойын консольдерінің қосылғанын көрсетсе және кез келген уақытта қосылған портқа ауысып отса, тіпті тамаша болар еді. Автоанықтау функциясын естен шығармаңыз.
Оңтайландырылған сурет және дыбыс
Қараңғыда жасырынған жауларды көру ешқашан оңай болмаған. Дегенмен, динамикалық қара түс теңестіргіші сияқты технологиямен бұл қиындық тудырмайды. Динамикалық қара түс теңестіргіші ойынның қара көріністерін талдап, ішіндегі нысандарды анықтайды. Сосын қара түс деңгейлерін оңтайландырып, бұрын анық көре алмаған заттарды айқындауға көмектеседі. Сондай-ақ, заттардың көрініс шынайылығын арттыратын HDR технологиясын және оңтайландырылған дыбыс параметрлерін де міндетті түрде ескеру керек. Ойнайтын кез келген ойын түріне қарай реттелетін оңтайландырылған дыбыспен ойындардан толық ләззат ала аласыз.
Төмен кіріс кідірісі
Кідірмей ойна! Спорт, экшен немесе FPS (бірінші жақ шутері) ойындарын ойнаған кезде бір секундтық кідіріс кімнің жеңетінін немесе ұтылатынын анықтайды. Сондықтан, ТД жауап қайтару уақыты аса маңызды және кіріс кідірісі төмен ТД ойын үшін ең керек дүние. Жылдамдықты өлшеу кезінде кіріс кідірісі (контроллер батырмасын басу мен ойынның оған жауап әрекетін көру арасындағы кідіріс) мс (милисекунд) бірлігінде өлшенеді. Кіріс кідірісі қаншалықты төмен болса, реакция жылдамдығы соншалықты жоғары болады. Төмен кіріс кідірісін сақтай отыра ажыраусыз экранды бір қалыпты өңдейтін ТД (FreeSync) — әлбетте, жақсы таңдау.
Game Mode режимі
Ойыншылар ойынды бірден бастап кете алу үшін Ойын теледидарлары Game Mode (Ойын режимі) деп аталатын мүмкіндік ұсынады. Бұл мүмкіндік сурет пен дыбыс сияқты қажетті спецификацияларды оңтайлы деңгейге орнатады, әрі төмен кіріс кідірісін сақтайды. Есіңізде болсын, жақсартылған сурет сапасы кіріс кідірісін арттырмауы керек, себебі шынайы Game Mode режимі сурет сапасын жақсартқанда кіріс кідірісіне әсер етпейді.
Үлкен экран
Әдетте, ТД сатып алуда жиі айтылатын пікір — үлкенірегі жақсырақ және осы қағида ойын үшін де ең жақсы ТД өлшемін таңдауда қолданылады. Әсіресе, көп ойыншылар бар ойында достарыңызбен жарысқанда немесе үйде отбасыңызбен биден жарысқанда, осы пікірдің шынайылығы айқындала түседі. Үлкенірек экран кез келген ойынның қызығын да, қызуын да арттыра.