Кепілдікке не кіреді

Кепілдік міндеттемелері

ШАРТТАР

Кепілдік талондары

Әмбебап кепілдік талоны BWC2405 (PDF, 1,4 МБ)

• SAMSUNG КЕПІЛДІК ОРТАЛЫҒЫ

Корея Республикасы, (Мэтан-донг) 129, Самсунг-ро, Енгтонг-гу, Сувон қ., Кёнги-до мекенжайы бойынша орналасқан және Сувон қ. аудандық сотының Шығыс тіркеу бөлімінде 13.01.1969 жылы (тіркеу № 000905) тіркелген Samsung тауарларын (бұйымдарын) өндіріп шығаратын “Samsung Electronics Co., Ltd.” компаниясы («Самсунг Электроникс Ко., Лтд.»), Samsung Electronics тобының бас компаниясы (бұдан әрі мәтін бойынша –  «Өндіруші») Сізге бізді таңдағаныңыз үшін үлкен алғысын білдіреді. Біз аталған бұйым Сіздің қажеттіліктеріңізге жауап беруі үшін, ал сапасы ең үздік әлемдік үлгілерге сәйкес келуі үшін барлығын жасадық. 

«Самсунг Электроникс Ко., Лтд.» пайдалану ережелерін сақтаған жағдайда, тұрмыстық техникаға – 7 жылға, ал теледидарлар, мониторлар, ас үй ауа сорғыштары, аудио-, бейнетехникаға – 5 жылға, ал GSM телефондарына, модемдерге, проекторларға – 3 жылға қолданыс мерзімдерін белгілейді.  Егер бұйымның пайдаланушы нұсқаулығында өзге шектеу қойылмаса, қолданыс мерзімі бұйым жасалған күннен бастап есептеледі.

Бұйымның қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін Өндіруші профилактикалық жұмыстарды жүргізу және бұйымды одан әрі қауіпсіз пайдалану бойынша ұсынымдарды алу үшін Тіркелген қызмет көрсету орталығына (бұдан әрі – ТҚКО) баруға ұсынады.

Сіз Тіркелген қызмет көрсету орталықтарының (бұдан әрі – ТҚКО) мекенжайларын және телефондарын «Бірыңғай қолдау қызметінің» келесі телефондарына хабарласып: Қазақстан бойынша 8-10-800-500-55-500 (елдің кез келген аймағынан қоңырау шалу тегін), 7799 (ҚР ұялы байланыс операторларынан қоңырау шалу тегін) және www.samsung.com сайтынан біле аласыз. Егер сізде бұйымды пайдалануға және оның жұмыс қабілетіне байланысты қандай да бір проблемалар туындаса, біз сізге міндетті түрде ТҚКО-ға хабарласуды ұсынамыз.

«Самсунг Электроникс Ко., Лтд.» Қазақстан Республикасының аумағына жеткізуге арналған барлық тауарларды тиісті елдің пайдалану шарттарын ескеріп, жасап шығарады. Егер жеткізілетін елдің заңнамасында ресми белгілерді қою көзделген болса, онда олар бұйымға және қаптамаға қойылады. 

Түсініспеушіліктер орын алмас үшін Пайдаланушы нұсқаулығын, кепілдік міндеттемелерінің шарттарын мұқият, зейін қойып оқуыңызды, сондай-ақ талонның дұрыс толтырылуын тексеруіңізді сұраймыз. Кепілдік талоны тек бұйымның моделі, бұйымның сериялық нөмірі, сатылған күні, бұйымды сатқан фирманың айқын мөрлері, сатып алушының қолы дұрыс және анық көрсетілгенде ғана жарамды болады. Бұйымның моделі және сериялық нөмірі кепілдік талонында көрсетілген ақпаратқа сәйкес келуі керек.

Осы шарттарды бұзған жағдайда, сондай-ақ кепілдік талонында көрсетілген деректер өзгертілген, жойылған немесе қайта жазылған жағдайда, кепілдік талоны жарамсыз болып танылады. Осы жағдайда, кепілді қызмет көрсетуді алу үшін бұйымды сатып алу күнін растайтын фискалды немесе өзге құжатты ұсыну қажет. Егер бұйымның сатылған күнін анықтау мүмкін болмаған жағдайда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға сәйкес, кепілдік мерзімі бұйым жасап шығарылған күннен бастап есептеледі.

«Самсунг Электроникc Ко., Лтд.» аталған кепілдік талоны арқылы бұйымның бұзылыстары Өндірушінің кесірінен пайда болғанын анықтаған жағдайда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы қолданыстағы заңда белгіленген тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру бойынша міндеттемелерді өзіне алғандығын растайды. «Самсунг Электроникc Ко., Лтд.» тұтынушылар төменде көрсетілген шарттарды сақтамаған жағдайда, тұтынушылардың кепілдік міндеттемелер бойынша талаптарын қанағаттандырудан және бұйымға тегін қызмет көрсетуден бас тарту құқығын өзіне қалдырады. Өндірушінің кепілдік міндеттемелері және тегін қызмет көрсету кепілдік міндеттемелер орындалатын және тегін қызмет көрсету жүргізілетін елдің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

«Самсунг Электроникс Ко., Лтд.» кепілдік мерзімін бірінші сатып алушыға бұйым сатылған күннен бастап белгілейді және тегін қызмет көрсету мерзімін пайдалану ережелері сақталған жағдайда, 2-3 беттердегі кестеде көрсетілген кепілдік мерзімінің аяқталу күнінен бастап белгілейді. Осы ретте кепілдік мерзімі және тегін қызмет көрсету мерзімі бұйымның қолданыс мерзімімен шектеледі.

• КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕРІНІҢ ЖӘНЕ ТЕГІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ШАРТТАРЫ 

1. Қазақстан Республикасының аумағындағы Өндірушінің кепілдік міндеттемелері тек «Самсунг Электроникс Ко., Лтд.» ҚР аумағына жеткізуге және сатуға арналған, ҚР аумағында сатып алынған және ҚР стандарттарына сәйкес сертификациялаудан өткен бұйымдарға таралады.

2. Тегін қызмет көрсету дегеніміз – сатып алушыдан (тұтынушыдан) қосымша ақы алмай, Өндірушінің кесірінен пайда болған бұйымның кемшіліктерін (ақауларын) жою бойынша Өндірушінің қосымша міндеті. Кондиционерлерге тегін қызмет көрсету оларды Самсунг компаниясының сертификацияланған орнатушысы орнатқан кезде және орнату туралы мәліметтер кепілдік талонына енгізілген кезде жүргізіледі.

3. Кепілдік мерзімі кезеңінде немесе тегін қызмет көрсету мерзімінде бұйымның ақау табылған бөлшектерін (ұсақ бөлшектерін, тораптарын, жинақ бірліктерін) ауыстыру жаңа кепілдік мерзімінің  немесе тұтас бұйымға жаңа тегін қызмет көрсету мерзімінің белгіленуіне алып келмейді. Өндіруші бұйымдарда қолданылатын бағдарламалық жасақтаманың (БЖ) тұтынушылық қасиеттерін тұрақты түрде жақсартып отырады, компанияның ресми ресурстарында пайдаланушылар үшін қол жетімді бағдарламалар/қосымшалар арқылы тұтынушыларға бірқатар бұйымдарда өз бетімен БЖ-ны жаңарту, сондай-ақ пайдаланушының келісімі бар болғанда БЖ-ны автоматты режімде жаңарту мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Өндіруші бұйымды сатып алған сәтте онда орнатылған БЖ нұсқасының сақталуына немесе Өндірушінің қатысуынсыз қолданыс мерзімі ішінде өзгертілген нұсқаға қатысты жуапкершілікті тартпайды. Өндіруші бұйымда әрқашан БЖ-ның өзекті нұсқасын қолдануды ұсынады. 

4. Кепілдік міндеттемелері жеткізу жиынтығына кіретін келесі бұйымдарға таралмайды:

* қуаттау элементі (батареялар), проекторлардың шамдары, жарық шамдары (пайдаланушы нұсқаулығында жарық шамын ауыстырудың рәсімі сипатталған өнімдерді қоспағанда);

* байланыстырушы кабельдер (егер олар қуаттау құрылғысының құлымдық бөлігі болмаса), құлаққаптар, әр түрлі типтегі ақпарат тасымалдағыштары (бағдарламалық жасақтама және драйверлер жазылған дисктер, жады карталары);

* қаптар, сөмкелер, белбеулер, тасымалдау үшін шнурлар, монтаждауға құрал-жабдықтар, бұйымды уақытша қорғауға арналған қорғаныс пленкалары, бұйымға қоса берілетін құжаттама; 

* бұйыммен бірге жеткізілетін әр түрлі ақпарат типтерінің тасымалдауыштарында жазылған бағдарламалық жасақтама (БЖ) және драйверлер (соның ішінде, бұйымның қатқыл магниттік дисктерінде жазылған БЖ және онымен шектелмей), сондай-ақ Өндірушінің кесірінен пайда болған кемшіліктердің пайда болу жағдайларын қоспағанда, БЖ-ны қайта орнату және реттеу.

Қосымша мыналар үшін:

* тоңазытқыштар үшін: иістерді сорғыштар, ауа тазартқыштар (биомөлшерлеуіштер), сүзгілер, сөрелер, жәшіктер, түпқоймалар және тағам өнімдерін сақтау үшін басқа да ыдыстар;

* тұмпапештер мен микротолқынды пештер үшін: торлар, шаңышқылар, пісіру үшін тартпалар, керамикалық тартпалар, конвекциялық тәсілмен дайындау үшін тартпалар, отқа пісіруге арналған тартпалар, суға арналған ыдыстар, буға пісіруге арналған ыдыстар, буға пісіру ыдысының қақпағы, буға пісіру ыдысының кесесі; 

* шаңсорғыштар үшін: құбыршектер, құбырлар, щеткалар, қондырмалар, шаң жинауыштар, сүзгілер;

* кір жуғыш және ыдыс жуғыш машиналар үшін: суды жіберуге арналған құбыршектер;

* кондиционерлер және ас үй ауа сорғыштары үшін: сүзгілер; 

5. Өндіруші келесі жағдайларда кепілдік міндеттемелерін көтермейді және бұйымға тегін қызмет көрсетуді жүргізбейді:

* егер жеке (тұрмыстық, отбасылық) мақсаттарға арналған бұйым кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қолданылса, сондай-ақ оның тікелей тағайындалған мақсатына сәйкес келмейтін өзге де мақсаттарда пайдаланылса;  

* Пайдаланушы нұсқаулығында және бұйыммен бірге жиынтықта тұтынушыға берілетін басқа да құжаттамада баяндалған бұйымды орнату, пайдалану ережелерін және шарттарын бұзған жағдайда;

* егер бұйымда кәсіби емес жөндеу жұмыстарының іздері қалса;

* егер ақау бұйымның құрылымын немесе сызбасын өзгерту, Өндіруші көздемеген сыртқы құрылғыларды қосу нәтижесінде пайда болса;

* егер ақау еңсерілмейтін күштердің әсерінен, жазатайым оқиғалардың, тұтынушылардың немесе үшінші тұлғалардың қасақана немесе ұқыпсыз іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болса; 

* егер анықталған кемшіліктер бұйым тұтынушыға берілгеннен кейін механикалық бұзылыстардың, ылғал әсерінің, жоғары немесе төмен температуралардың, тот басудың, қышқылдың, ішіне бөтен заттардың, заттектердің, басқа да сұйықтықтардың, жәндіктер мен жануарлардың түсуі салдарынан пайда болса; 

* егер әр түрлі типтегі тасымалдауыштардан ақпаратты есептеу үшін аудио-бейне бастарды, сымдарды тазалау талап етілсе;

* егер бұзылыстар (кемшіліктер) компьютерлік вирустардың және оларға ұқсас бағдарламалардың іс-әрекеттері, бұйымның құпиясөздерін (кодтарын) ауыстыру немесе жою, бұйымға алдын ала орнатылған БЖ-ны жаңарту және (немесе) қайта орнату, үшінші тараптардың (түпнұсқа емес) БЖ орнату және пайдалану, қатқыл магниттік дисктердегі тасымалдауыштарды форматтау, сервистік кодтарды қолдану сияқты іс-әрекеттердің нәтижесінде пайда болса;

* егер ақау бұйымды пайдалану кезінде оның табиғи тозуы нәтижесінде пайда болса (соның ішінде қорғаныс пленкасының бөлінуі). Осы ретте табиғи тозу – аталған бұйымды ұзақ мерзімді пайдаланудан оның техникалық күйінің және сыртқы түрінің нашарлауы нәтижесінде пайда болған бұйымды пайдаланудың салдары;  

* егер бұзылыстар (кемшіліктер) стандарттарға сәйкес келмеу немесе қуат беретін, кабельдік, телекоммуникациялық желілердің, радиосигнал қуатының техникалық регламенттері нәтижесінде пайда болса, соның ішінде рельеф ерекшеліктерінің және басқа да осындай сыртқы факторлардың, бұйымдарды шекарада немесе желі әрекетінен тыс жерде пайдалану, бұйымға сәйкес келмейтін немесе бұзылған құрылғыларды қосу салдарынан пайда болса;

* егер бұзылыстар стандартты емес (түпнұсқа емес) және (немесе) сапалы емес (зақымдалған) шығыс материалдарын, керек-жарақтарын, қосалқы бөлшектерді, әр түрлі типтегі ақпарат тасымалдауыштарын (соның ішінде, бірақ олармен шектелмей: аудио–, бейнекассеталар, CD, DVD дискілер, жад карталары, SIM карталар, картридждерді) пайдалану салдарынан пайда болса;

* егер кемшіліктер үйлесе алмайтын контентті (әуендерді, графикалық, бейне және басқа да файлдарды, Java қосымшаларын және оларға ұқсас бағдарламаларды) жүктеу, орнату және пайдалану нәтижесінде пайда болса;

* егер бұйымның таңбалау этикеткаларында көрсетілген деректер түзетілсе, жойылса, сондай-ақ бұйымда таңбалау этикеткасы болмаса;

* егер кәсіби дисплейдің мақұлданбаған қорғаныс қорапшасы (LFD) пайдаланылса;

*пайдалану жөніндегі басшылықтағы немесе бұйыммен бір жиынтықта келетін пайдаланушы нұсқаулығындағы пайдалану немесе техникалық қызмет көрсету бойынша нұсқауларды сақтамау нәтижесінде кез келген зиян келтірілсе.

6. Осы өнімдерді (теледидарды; мониторды) коммерциялық және іскерлік ортада пайдалануға тыйым салынған және ол келесі шектеулерді қамтиды: табысты немесе қаржылық пайданы алумен кез келген қолдану, клубтарда, барларда және мейрамханаларда көпшіліктің алдында көрсету, немесе жаңалық, статистикалық немесе кесте сияқты тұрақты бейнеленетін хабарламаларды, сондай-ақ 4:3 форматындағы суреттерді немесе қара жолақтары бар бейнеконтентті үздіксіз немесе әдейі ұзақ мерзімді көрсету мақсатында. 

7. Бұйымға қоса берілетін құжаттамада сипатталған бұйымды реттеу мен орнатуды (жинау, қосылу және т.б.) пайдаланушының өзі, сондай-ақ тиісті бейінді ТҚКО мамандары және сатқан фирманың мамандары орындауы мүмкін (ақылы негізде). Осы ретте бұйымды орнатқан тұлға (ұйым) орнатудың (реттеудің) дұрыстылығы және сапасы үшін жауапкершілікті көтереді.

Бұйымды дұрыс орнатудың маңыздылығына назар аударуды сұраймыз, себебі бұл оның сенімді жұмысына, сондай-ақ кепілді және тегін қызмет көрсетуге қол жеткізу үшін маңызды. Орнатуға  жауапты маманнан кепілдік талонына орнату туралы барлық қажетті мәліметтерді енгізуді талап етіңіз.

8. Ұялы құрылғының жадысында немесе өзге де сандық құрылғыларда сақталып тұрған барлық деректерді міндетті түрде сыртқы ақпарат тасымалдаушысына резервті көшіруді жүзеге асыруды сұраймыз.

9. Егер зиян бұйымды пайдаланудың, орнатудың ережелерін және шарттарын сақтамау, сатып алушының (тұтынушының) қасақана немесе ұқыпсыз іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болса, «Самсунг Электроникс Ко., Лтд.»  бұйымның адамдарға, үй жануарларына, мүлікке тікелей немесе жанама түрде келтірілген мүмкін болатын зияны үшін жауапкершілікті көтермейді. «Самсунг Электроникс Ко., Лтд.» сондай-ақ деректерді және ақпаратты жоғалту, зақымдау немесе өзгерту нәтижесінде тиісті тағайындалған мақсаттағы бұйымның тікелей немесе жанама түрде келтірген зияны үшін жауапкершілікті көтермейді.

• ӨНДІРУШІНІҢ ҚОСЫМША МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ 

Өндіруші кір жуғыш машиналардың DD қозғалтқышына және инверторлық моторына, тоңазытқыштардың және кондиционерлердің инверторлық компрессорына, микротолқынды пештердің БИО-керамикалық жабынына, SC07F80 сериясының шаңсорғыштарының инверторлық моторына қатысты қосымша міндеттемелерді бұйым сатылған күннен бастап 10 жыл мерзіміне орнатты (бұзылыс Өндірушінің кесірінен пайда болса, бөлшек тегін ұсынылады). Егер жөндеу жұмыстары тіркелген қызмет көрсету орталығында жүргізілген болса, бөлшек тегін ұсынылатын болады.

• БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ 

Samsung өнімдерін сатып алғаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз.

Егер сізде пайдалануға байланысты қандай да бір сұрақтарыңыз туындаса немесе көмек керек болса, Сіз сатушыға немесе Samsung бірыңғай қолдау қызметіне жүгіне аласыз:

Интернетте:

Келесі мекенжай бойынша:  www.samsung.com/kz_kz/support компания сайтының «Қолдау» бөлімінде мыналар қол жетімді: анықтамалық материалдар, бағдарламалық жасақтама, пайдалану бойынша кеңестер, бейне нұсқаулықтар, онлайн кеңес беру, кері байланыс формалары;

телефон бойынша:

ҚАЗАҚСТАН..............................8-10-800-500-55-500 (GSM: 7799)

* кез келген ұялы байланыс операторынан қоңырау шалу тегін 

хат жолдау арқылы:

«SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» ЖШС (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ). Қазақстан Республикасы, A05D7M5, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Желтоқсан көшесі, 115, 3 қабат.

Сіз Samsung өнімдері туралы толығырақ ақпаратты компанияның www.samsung.com ресми сайтында таба аласыз.

• ЖАСАП ШЫҒАРЫЛҒАН КҮНДІ АНЫҚТАУ 

Жасалған күні бұйымның сериялық нөмірінде код ретінде жазылған, мысалы: 1XW234567S

Соңғы таңба (S) – бақылау әріпі (кейде болмауы да мүмкін);

Соңғы бес сан (34567) – нақты сериялық нөмірі;

Соңынан санағанда алтыншы таңба (2) – бұйымның жасап шығарылған айы;

Соңынан санағанда жетінші таңба (W) – бұйымның жасап шығарылған жылы;

Алдында тағы 3 таңбадан 7 таңбаға дейін болуы мүмкін.

АЙДЫ КОД РЕТІНДЕ ЖАЗУ: 1 … 9 нөмірлері тәртіп бойынша  (қаңтар…қыркүйек), А – қазан, В – қараша, С – желтоқсан.

ЖЫЛДЫ КОД РЕТІНДЕ ЖАЗУ: Y-2005, L-2006, P-2007, Q-2008, S-2009, Z-2010, B-2011, C-2012, D-2013, F-2014, G-2015, H-2016, J-2017, K-2018, M-2019, N-2020, R-2021, T-2022 , W-2023, X-2024, Y-2025