Samsung Galaxy-ді Wi-Fi-ға қосқанда ақаулықтарды қалай жоюға болады
Бұл мақалада сіздің Samsung Galaxy Wi-Fi желісін көре алмаса немесе оған қосыла алмаса, не істеу керектігін білесіз.
Егер телефон Wi-Fi желісін таппаса, не істеу керек
Егер Samsung Galaxy пайдалану кезінде немесе бастапқы баптау кезінде Wi-Fi желісін көрмесе, төмендегі кеңестерді пайдалануды ұсынамыз.
Желіде қате пайда болуы мүмкін. Роутерді қайта іске қосу үшін оны розеткадан ағытыңыз және қайта қосыңыз. Роутер жүктелгенше дейін 2-3 минут күтіңіз және қосылым әрекетін қайталаңыз.
Тақырып бойынша:
Түрлі Samsung Galaxy үлгісіне байланысты әртүрлі қосылу жиілігін қолдайды: 2 ,4 ГГц, 5 ГГц және 6 ГГц. Сіздің Samsung Galaxy үлгіңіз қандай жиіліктерді қолдайтынын біздің сайтымызда көре аласыз. «Сипаттамалар» бөлімінде үлгіңізге арналған Wi-Fi тармағын табыңыз. Ол жерде құрылғыңыз қандай жиіліктерді қолдайтынын көрсетіледі.
Қосылатын желінің жиілік баптауларын тексеріп, Samsung Galaxy үлгіңіздің баптауларда көрсетілген жиілікті қолдайтынын тексеріңіз. Мүмкіндігінше, желі баптауларында жиілікті өзгертіп, Samsung Galaxy-ді қайта қосыңыз.
Егер Wi-Fi желісі Samsung Galaxy тізімінде көрінбесе, ол роутерде баптауда жасырылуы мүмкін. Оған тек қолмен қосылуға болады, егер оның атауын (SSID), құпия сөзін және шифрлау түрін білсеңіз (оны роутер баптауларында да көруге болады).
Егер қолмен қосылу мүмкін болмаса, қосылу уақытында желіні ашық етуге кеңес береміз.
Егер мүмкіндігіңіз болса, басқа Wi-Fi нүктесіне қосылып немесе смартфонның жұмысын тексеру үшін басқа телефонды роутер ретінде пайдаланып көріңіз.
Егер басқа роутермен ешқандай проблема туындамаса, қосымша ақпарат алу үшін роутер өндірушісіне немесе Интернет-провайдерге хабарласуға кеңес береміз.
Роутер баптауларын қалпына арылтып көріңіз немесе интернет-провайдердің қолдау қызметіне жүгініңіз. Егер роутер бапталған болса, бірақ Samsung Galaxy Wi-Fi желісін әлі де көрмесе, «Қосылым мәселесін шешу жөніндегі жалпы ұсынымдар» тармағына өтіңіз.
Егер телефон Wi-Fi-ға қосылса, бірақ интернетке шықпаса, не істеу керек
Егер Wi-Fi желісіне қосылу сәтті болса, бірақ құрылғыдағы интернет әлі де жұмыс істемесе, келесі ұсынымдарды орындаңыз:
Егер роутерге 10-нан астам құрылғы қосылған болса, онда қосылымда қиындықтар туындауы мүмкін. Бұрын қосылған кейбір құрылғыларды ажыратып, роутерді қайта жүктеңіз, содан кейін осы Wi-Fi желісіне қайта қосылыңыз.
Егер мүмкіндігіңіз болса, басқа Wi-Fi нүктесіне қосылып немесе смартфонның жұмысын тексеру үшін басқа телефонды роутер ретінде пайдаланып көріңіз.
Егер басқа роутермен ешқандай проблема туындамаса, қосымша ақпарат алу үшін роутер өндірушісіне немесе Интернет-провайдерге хабарласуға кеңес береміз.
Егер жоғарыдағы ұсынымдар сізге көмектеспесе, «Қосылым мәселесін шешу жөніндегі жалпы ұсынымдар» тармағына өтіңіз.
Қосылым мәселесін шешу жөніндегі жалпы ұсынымдар
Егер жоғарыдағы ұсынымдар сізге көмектеспесе, төмендегі кеңестерді пайдаланыңыз:
Қауіпсіз режим – бұл тек жүйелік қосымшалар (яғни, құрылғыда алдын ала орнатылған) жұмыс істейтін смартфондағы режим. Бұл функция смартфонды диагностикалау және ақаулықтарды жою үшін қолданылады.
Samsung Galaxy жүйесі осындай режимде болғанда, экранның төменгі жағында «Қауіпсіз режим» деген жазу пайда болады.
Смартфонның жұмысына жүктелген бағдарламалардың бірі әсер етуі мүмкін. Егер қауіпсіз режимде қателер байқалмаса, қате жойылғанға дейін жүктелген бағдарламаларды бір-бірден жойыңыз. Соңғы жүктелгеннен немесе жаңартылғаннан бастауға болады.
Қосымшаларды жою үшін «Android-та қосымшаларды қалай дұрыс жою керек. Қосымшаларды қалай ажырату керек» мақаласындағы нұсқаулықты пайдаланыңыз.
«Қауіпсіз режимнен» шығу үшін телефоныңызды қайта жүктеңіз.
Сондай-ақ, «Қауіпсіз режімді» жылдам баптаулар пердесінде пайда болатын хабарлама арқылы ажыратуға болады. Ол үшін оны басып, Ажырату таңдыңыз.
Ескертпе:
Қауіпсіз режимнен шыққаннан кейін, егер бұрын орнатылған болса, тақырыпты смартфонға қайта қою керек.
Ескертпе:
Желі параметрлерін арылту кезінде Wi-Fi, Bluetooth және басқа желілік қосылымдардың баптауларын арылту орындалатынын ескеріңіз.
Смартфонды немесе планшетті толық арылту оны зауыттық күйіне қайтарады және бағдарламалық ақауларды жоққа шығарады.
Баптауларды арылту құрылғыдағы барлық деректерді жоюға әкеледі.
Біз арылтуға дейін міндетті түрде барлық маңызды деректердің сақтық көшірмесін жасауды ұсынамыз.
Егер жоғарыдағы ұсынымдар мәселені шешуге көмектеспесе, смартфоныңызды диагностикалау үшін жақын жердегі қызмет көрсету орталығына хабарласуды ұсынамыз.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар