«TRADE-IN»
ПРОМОАКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Осы «Trade-in» промоакциясына («Акция») қатысу ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ОРТАЛЫҚ ЕУРАЗИЯ) ЖШС («Ұйымдастырушы») мен Акцияға қатысушының арасындағы келісім болып табылады. Акцияға қатыса отырып, қатысушы samsung.com/kz_kz/smartphones/trade-in сайтында («Акция сайты») орналастырылған осы Акция Ережелерімен («Ережелер») келіседі.

АНЫҚТАМАЛАР:

«Trade-in акциясы» Ұйымдастырушының Samsung Online Store-да өткізетін SAMSUNG брендінің Тауарларды ілгері шығару және олардың бөлшек сатылымдарын арттыру бойынша промоакциясын білдіреді. Оның барысында Акцияға Қатысушы өзінің құрылғысын Серіктеске сату және Акция Сайтында жарияланған «Trade-in» промоакциясының осы Ережелерінде анықталатын тәртіппен және талаптармен Samsung Online Store-да Тауар сатып алуға жеңілдік алу мүмкіндігін алады;

«Құрылғының төлеп алу құны» Серіктес Құрылғыны Trade-in және/немесе Мульти Trade-in Акциясының шеңберінде Қатысушыдан сатып алу кезіндегі Құрылғы құнын білдіреді;

«Грейдинг» осы Ережелерге Қосымшада көрсетілген Серіктестің санаттары бойынша Құрылғының жай-күйін бағалау нәтижесін білдіреді және ол Қатысушының Құрылғының Төлеп алу құнын есептеу кезінде қолданылады;

«Құрылғыны Төлеп алу шарты» Серіктестің Құрылғыны Қатысушыдан төлеп алуы кезінде негіз болатын және Серіктестің Trade-in Жеңілдігі жағынан Құрылғының Төлеп алу құнын беруді ұйымдастыру міндетін, сондай-ақ Қатысушының Флагманды алу кезінде Құрылғы(лар)ны Курьерге беру міндетін белгілейтін шарт;

«Мульти Trade-in» Ұйымдастырушының Samsung Online Store-да өткізетін SAMSUNG брендінің Тауарларды ілгері шығару және олардың бөлшек сатылымдарын арттыру бойынша промоакциясын білдіреді. Оның барысында Акцияға Қатысушы бірмезгілде Серіктеске 10 (он) құрылғыға дейін сату және Акция Сайтында жарияланған «Trade-in» промоакциясының осы Ережелерінде анықталатын тәртіппен және талаптармен Samsung Online Store-да Тауар сатып алуға жеңілдік алу мүмкіндігін алады;

«Trade-in серіктесі» Ұйымдастырушының Құрылғы(лар)ды қашықтықтан диагностикалау, бағалау және Тұтынушылардан Мульти Trade-in Акциясы бойынша төлеп алу үшін жауап беретін серіктесін білдіреді және, өз кезегінде, оған Ұйымдастырушы Мульти Trade-in Акциясы бойынша Қызметтерді көрсетеді;

«Самсунг жария шарты» Samsung Online Store-да орналастырылған және Ұйымдастырушы мен Қатысушының арасындағы Флагманды, соның ішінде Trade-in және/немесе Мульти Trade-in Акцияларының шеңберінде сатып алу жөніндегі өзара қатынастарды реттейтін Тауарларды сатып алу-сату бойынша қосылу шартын білдіреді;

«Самсунг жеңілдігі» Ұйымдастырушының Қатысушыға Samsung Online Store-дан Trade-in және/немесе Мульти Trade-in Акциясы бойынша Флагман сатып алуға беретін және мөлшері Флагманның моделіне байланысты жеңілдігін білдіреді;

«Trade-in жеңілдігі» Ұйымдастырушының Қатысушыға Флагманды Trade-in және/немесе Мульти Trade-in Акциясы бойынша сатып алу кезінде беретін жалпы жеңілдік сомасын білдіреді, оған: (1) Құрылғының Төлеп алу құнының, және (2) Ұйымдастырушы Жеңілдігінің сомасы жатады;

«Тауар» - Samsung Online Store-да жарияланған SAMSUNG брендінің/тауар белгісінің тауарларын/өнімдерін білдіреді.

«Құрылғы» Қатысушының Серіктеске Trade-in және/немесе Мульти Trade-in Промоакциясының шеңберінде сататын, бұрын пайдаланылған (қолданыста болған) құрылғыны білдіреді;

«Қатысушы» Trade-in және/немесе Мульти Trade-in Промоакциясына қатысатын және Тrade-in және/немесе Мульти Trade-in Промоакциясының Ережелерінде осындай Қатысушыға қойылатын талаптарға сай келетін тұтынушыны білдіреді;

«Флагман» Ұйымдастырушының Қатысушыға Trade-in және/немесе Мульти Trade-in Промоакциясының шеңберінде Trade-in Жеңілдігімен өткізілетін Тауарды білдіреді;

«Samsung Online Store» келесі сілтемелер бойынша орналасқан Ұйымдастырушының интернет-ресурсын білдіреді: www.samsung.com/kz_kz, соның ішіне доменнің барлық деңгейлері кіреді, немесе Ұйымдастырушының (бағдарламалық жасақтама) ұялы қолданбасында Тауарлар туралы ақпарат беру және тұтынушыларға Тауарларды бөлшектеп сатуға арналған платформа ретінде жұмыс істейді.

1. Жалпы шарттар

1.1. Акцияның сипаттамасы: осы Ережелерге сәйкес Акцияны өткізу мерзімінің ішінде Акцияға Қатысушының қолданыста болған құрылғысын («Құрылғы») Ұйымдастырушының серіктесі - «Telekominvest Kazakhstan (Телекоминвест Қазақстан)» ЖШС-не («Серіктес») кейіннен Ұйымдастырушының келесі тауарларының бірін жеңілдікпен сатып ала отырып, сату мүмкіндігі бар:

1.2. SAMSUNG Galaxy A25/ Galaxy A35/ Galaxy A55/ Galaxy M15/ Galaxy S24 FE / Galaxy S24 / S24+ / S24 Ultra / Galaxy S25 / S25+ / S25 Ultra / Z Flip 6 / Z Fold 6 / Tab S9 / Tab S10+ / Tab S10 Ultra / Watch 7/ Buds3 / Buds 3 Pro («Флагман»).

Акцияны өткізу мерзімі: 2025 жылғы 22 қaңтардан бастап 2025 жылғы 31 тамызға дейін (қоса алғанда), Алматы қ. уақыты бойынша сағат 23:59 дейін.

1.3. Акцияны өткізу аумағы: Алматы, Астана, Ақтөбе, Шымкент, Талдықорған, Орал, Қостанай, Ақтау, Өскемен, Павлодар, Атырау, Боралдай, Өтеген Батыр (Алматы облысы), Абай ауылы (Алматы облысы), Бесағаш ауылы (Алматы облысы), Қарағанды, Көкшетау, Қызылорда, Петропавловск, Рудный, Семей, Тараз, Теміртау, Екібастұз.

 

2. Акцияға қатысушы

2.1. 18-ге толған, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы бар әрекетке қабілетті жеке тұлғалар, сондай-ақ тұруға ықтиярхаты бар, Акцияның шарттарын орындаған тұлғалар Акцияға Қатысушылар («Қатысушы») бола алады.

2.2. Қатысушы төмендегі жағдайларда Акцияға қатысу құқығынан айрылады:

• Акцияның қандай да бір шарттарын бұзса;

• өзінің анық емес немесе қате деректерін берсе;

• Ұйымдастырушы немесе Серіктес алаяқтық әрекеті немесе басқа заңсыз іс-қимылдар фактілерін анықтаса.

2.3. Акцияны орындау барысында қатысушы жеке басын куәландыратын құжатты, Флагман сатып алуға чекті ұсынады, мұндай құжаттардың көшірмелерін және Флагманның сәйкестендіру деректерін беруге келісімін береді.

2.4. Акцияға қатыса отырып, Акцияға Қатысушы Ұйымдастырушы мен Серіктеске Акцияға қатысушының дербес және жеке деректерін Акцияның өткізілуін бақылау мақсатымен келесі көлемде: ТАӘ, телефон нөмірін, электрондық пошта мекенжайын, Флагманның ІМЕІ-кодын/сериялық нөмірін, сондай-ақ жарнамалық, маркетингтік және жаңалықтары бар хат-хабарларды жіберу үшін, сонымен қатар маркетингтік мақсаттарда басқа да тікелей байланыстарды жүзеге асыру үшін, сондай-ақ қызмет көрсету сапасын бақылау мақсатында ТАӘ мен телефон нөмірін жинауға, сақтауға, өңдеуге, табыстауға, соның ішінде трансшекаралық беруге өзінің шартсыз келісімін береді. Келісім көрсетілген өңдеу мақсаттарына жету үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлерінде, оған қоса, бірақ онымен шектелмей, алу, жазу, сақтау, нақтылау, пайдалану, беру (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беру), жою, өшіру, соның ішінде басқа тұлғалардың, оған қоса, бірақ онымен шектелмей, атап айтқанда, «Cheil Kazakhstan» (Чейл Қазақстан) ЖШС-ң және басқа да Ұйымдастырушы уәкілеттік берген тұлғалардың аталған әрекеттерді жасауы кезінде қолданылады. Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап осы келісімді кері қайтарып алу сәтіне дейін қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен қолданылады.

3. Акцияның механикасы.

3.1. Акция бойынша Флагманды сатып алуды рәсімдеу кезінде Қатысушы төмендегі екі бөліктен есептелетін Акция бойынша Trade-in Жеңілдігінің («Trade-in жеңілдігі») мөлшерін шамалап есептеу үшін Samsung Online Store-да орналастырылған тапсырыс нысанының жолдарын толтырады:

(1) Ұйымдастырушының жеңілдіктері;

(2) Құрылғының төлеп алу құны.

Құрылғының төлем алу құны Құрылғының жай-күйіне және оның бағалануына Выкупная стоимость Устройства зависит от состояния и оценки Устройства («Грейдинг») байланысты. Оны Серіктес Құрылғының алдын ала тиісінше визуалды диагностикалағаннан кейін Серіктес анықтайды. Құрылғының төлеп алу құнын Қатысушы Құрылғы туралы деректер, оған қоса, бірақ онымен шектелмей, Құрылғының ІМЕІ коды немесе сериялық нөмірі, атауы, жады көлемі Samsung Online store-да көрсетілген жағдайда анықтайды. Қатысушы Құрылғының жоғары сападағы 4 (төрт) дана фотосуретін ұсынуға міндетті. Олар Серіктестің Құрылғының тиісінше визуалды диагностикалауы үшін қажет. Қажет болған жағдайда Серіктес Қатысушыдан Құрылғы туралы қосымша деректерді Samsung Online store-да Серіктестің онлайн-чатының көмегімен сұратады.

Құрылғының төлеп алу сомасы және Самсунгтың жеңілдігі Samsung Online store сайтында Флагманды Акция бойынша сатып алуды рәсімдеу барысында көрсетіледі.

3.2. Қатысушыдан Құрылғы туралы деректерді алған соң Серіктес төмендегі санаттар бойынша талаптарды сақтай отырып Ережелерге №1 Қосымшаға сәйкес Грейдинг береді:

˗ Мінсіз күйде (Grade-A);

˗ Жақсы күйде (Grade-B);

˗ Жұмыс күйінде (Grade-C);

˗ Бұзылған күйде (Grade-D).

3.3. Қатысушы Серіктеске Акция бойынша Trade-in Жеңілдігімен Флагманды кейіннен сатып ала отырып бірмезгілде 10 (онға) дейiн Құрылғыны сатуға құқылы. Мұндай жағдайда Флагманға Trade-in Жеңілдігі Құрылғыны Төлеп алу Шарты бойынша Құрылғылардың Төлеп алу құндарын және Ұйымдастырушының Жеңілдіктерін білдіреді.

3.4. Құрылғының кез-келген санаттарында зауыттық қаптамасы, толығымен немесе ішінара аксессуарлар жиынтығы болмауы мүмкін.

3.5. Грейдингке сәйкес Серіктес Қатысушыға Құрылғының Төлеп алу құнын ұсынады және Қатысушы Төлеп алу құнымен келіскен жағдайда Серіктес Қатысушымен Trade-in Жеңілдігін Ұйымдастырушының ұсынуы түрінде Төлеп алу құнын төлеу туралы шартты көрсете отырып, Samsung Online Store-да Құрылғыны Төлеп алу шартын жасасады.

3.6. Флагмандарға алдын-ала тапсырыс беру кезінде Акция талаптарын қолданған жағдайда Құрылғыны Төлеп алу шартын рәсімдеу және Құрылғыны алу Акция бойынша Флагманды стандартты сатып алуға қарағанда ұзағырақ кезеңнің ішінде жүзеге асырылады. Флагманды алдын-ала тапсырыс беру бойынша алған кезде Құрылғының жай-күйі сай болмаған жағдайда Серіктестің Құрылғыға қайтадан Грейдинг жасауға құқығы бар.

3.7. Құрылғыны қабылдауды Серіктестің атынан «Пони Экспресс» ЖШС курьерлік компаниясы («Курьер») Құрылғыны алғаннан кейін Курьер Қатысушыға көрсететін экспедиторлық қолхат бойынша Серіктестің атынан жүзеге асырады.

3.8. Құрылғыны табыстау кезінде Қатысушы Құрылғыны бұғаттан шығарады, деректерді базалық теңшелімдерге дейін арылтады, барлық аккаунттар мен қосымшалардан (с.і. Google, Samsung Account, Apple ID және т.б.) шығады, сондай-ақ Құрылғыдағы барлық жеке, дербес, байланыс деректерін, есеп жазбаларын, жұмыс материалдарын, бейнежазбалар мен кескіндерді, хат-хабарламаларды, құжаттарды, дыбыстық файлдарды және басқа да құпия деректерді («Қорғалған деректер») өшіреді.

3.9. Қатысушының Құрылғысын қабылдау кезінде Курьер Қатысушының бұрын мәлімдеген деректері, Samsung Online Store-да Құрылғыны диагностикалау кезіндегі Грейдингі бар Құрылғы деректерін тексереді, және Құрылғы талаптарға сай болған жағдайда Курьер Құрылғыны қабылдайды. Құрылғы тапсыруға жарамды болып танылған және Курьерге берілген жағдайда Флагман Қатысушыға беріледі.

3.10. Қатысушы Құрылғыда қандай да бір Қорғалған деректердің болмауын растайды және оған кепілдік береді және Қорғалған деректердің берілуі мен тиісінше таратылмауының, сондай-ақ осындай деректерді үшінші тұлғалардың рұқсатсыз пайдалануының салдары үшін толық жауапкершілік көтереді. Ұйымдастырушы, Серіктес және Акцияны ұйымдастыруға тартылған басқа тұлғалар Құрылғыдағы Қорғалған деректердің тиісінше жойылу немесе тарату фактісін тексеру, сондай-ақ Қатысушының Қорғалған деректерді жою бойынша міндеттемелерін тиісінше орындамау салдары үшін жауапкершілік көтермейді.

3.11. Құрылғыны табыстау кезіндегі маңызды шарт Қатысушының Құрылғыны беруінің заңдылығы туралы шарт болып табылады, осылайша Қатысушы төмендегідей Құрылғыны табыстап жатқанын растайды:

(i) қатысушының меншігі болып табылады немесе оны Қатысушыға Құрылғыны Ұластыру шарты бойынша иелік ету, табыстау құқығын беретін басқа заңды негіздермен сатып алынған, сондай-ақ үшінші тұлғалар тарапынан ауыртпалық салынбаған;

(ii) түпнұсқалық құрылғы болып табылады және оны қатысушы Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) аумағында заңды тұлға – тиісті брендтің өнімінің ресми дистрибьюторынан немесе тиісті бренд өнімін өндіруші сауда серіктесінен сатып алған (тиісті дистрибьюторлар мен сауда серіктестері туралы ақпарат тиісті бренд өнімін өндірушінің сайтында орналастырылған). Егер Құрылғы ЕАЭО аумағынан тыс жерде сатып алынған және ЕАЭО-на әкетілген болса, Акцияға қатысушы Құрылғыны ЕАЭО аумағына жеке пайдалануға арналған тауар ретінде әкелінгенін және оның ЕАЭО пен ҚР кедендік заңнамасында белгіленген барлық ережелерді сақтағанын растайды;

(iii) табыстау күні жұмыс істеп тұрған Құрылғы болып табылады, Құрылғының бағдарламалық жасақтамасы өзгертілмеген немесе басқа жолмен қайта өңделмеген, тиісті лицензиялық келісімді бұза отырып өзгертілмеген;

3.12. Құрылғы заңсыз табысталған жағдайда Қатысушы Құрылғыны бұлай пайдаланғаны үшін толық жауапкершілік көтереді және Ұйымдастырушы мен Серіктесті кез-келген шағымдардан қорғайды. Қатысушы Серіктеске Samsung Online Store-да Құрылғыны алдын-ала визуалды диагностикалау кезінде Акцияға Қатысушыға белгілі болған Құрылғының барлық ақаулары туралы хабарлауға міндетті.

3.13. Акция бойынша тиісті сападағы Флагманды сатқан және Ұйымдастырушының Авторландырылған Сервис Орталығынан техникалық жай-күй туралы қорытынды алған жағдайда Ұйымдастырушы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қатысушының алдында жауапкершілік көтереді.

Бұл ретте Қатысушының Флагман үшін төлеген ақшаны қайтарған жағдайда Серіктес сатып алған Құрылғы үшін Қатысушыға өтемақыны Ұйымдастырушы немесе Серіктес төмендегілерге байланысты өтейді:

(1) егер Серіктес Флагманды қайтарған сәтте Ұйымдастырушыға көрсетілген қызметтер үшін сыйақы төленбеген болса, онда Серіктес Құрылғы үшін Қатысушыға ақшала өтемақыны Құрылғыны тексергеннен кейінгі 10 жұмыс күннің ішінде төлейді;

(2) егер Серіктес Флагманды қайтарған сәтте Ұйымдастырушыға көрсетілген қызметтер үшін сыйақы төленген болса, Ұйымдастырушы Құрылғы үшін Қатысушыға ақшалай өтемақыны 14 жұмыс күннің ішінде төлейді;

(3) егер Флагман үшін төлемді Курьер қабылдаған болса, Қатысушыға ақша қаражаттарын Курьер Флагман үшін берілген фискалдық чек бойынша қайтарады;

(4) егер Флагман бөліп төлеу тәсілімен рәсімделген болса, Қатысушыға ақша қаражаттары тапсырыстың мәртебесіне қарай қайтарылады, бұл ретте Тауар үшін Қатысушыға ақшалай өтемақыны Самсунг өтейді.

3.14. Құрылғының нақты жай-күйі бұрын мәлімделген деректер мен Грейдингке сай болмаған жағдайда Серіктес Қатысушыға Акция бойынша Құрылғыны қабылдаудан бас тартатыны туралы мәлімдеу құқығын өзіне қалдырады;

3.15. Серіктес құқылы:

(1) әр модель бойынша белгіленген көлемде Құрылғыларды қабылдауға лимит белгілеуге;

(2) Құрылғылардың белгілі бір моделі бойынша қабылдаудан лимитке жеткен жағдайда Құрылғыларды қабылдауды тоқтатуға.

3.16. Ұйымдастырушы мен Қатысушының өзара қатынастары Samsung Online Store-ң Жария шартымен реттеледі және төмендегілермен шектеледі:

(1) Акция бойынша Trade-in Жеңілдіктерін берумен;

(2) Құрылғыны Төлеп алу шартымен байланысты Серіктес (сатушы) мен Қатысушының (сатып алушы) қатынастарымен;

(3) Флагманның сапасы мен оған кепілдік қызмет көрсету мәселелерімен. Ұйымдастырушы Қатысушыға Акция талаптарының жеткізілуі үшін жауап береді;

(4) Samsung Online Shop-ң техникалық қолдау мүмкіндіктерімен.

3.17. Trade-in қорытынды жеңілдігі таңдалған тауар бағасының 99% (тоқсан тоғыз пайызынан) аспайды.

4. Құрылғыларға қойылатын талаптар

4.1. Акция келесі Құрылғыларға қатысты қолданылады:

Смартфондар:

SAMSUNG

APPLE

HUAWEI

HONOR

OPPO

VIVO

XIAOMI

Galaxy A01/ core / s

iPhone 6

Mate 10

Honor 10 /LITE

A12E

IQOO

12/13/2014

Galaxy A02/ core / s

iPhone 6 Plus

Mate 10 LITE

Honor 10 LITE

A15

IQOO NEO 5

11 LITE 5G NE

Galaxy A03/ core / s

iPhone 6S

Mate 10 PRO

Honor 100/ Pro

A15S

IQOO NEO 5 LITE

11i/ 11T/11T PRO

Galaxy A04/ core / s

iPhone 6S Plus

Mate 20

Honor 10i

A16

IQOO U1

12 lite/PRO

Galaxy A10/ e / s

iPhone 7

Mate 20 LITE

Honor 10X LITE

A16K

IQOO U1X

12s/Pro/Ultra

Galaxy A11/ 12/13/14/15

iPhone 7 Plus

Mate 20 PRO

Honor 20 / LITE/ PRO

A1K

IQOO U3

12T /12 Pro/12X

Galaxy A20/ e / s

iPhone SE

Mate 20 X

Honor 20i/s

A3

IQOO U3X

13 lite/pro/ultra

Galaxy A21/ s

iPhone SE 2020

Mate 20 X 5G

Honor 20S

A31

IQOO U3X STANDART

13t

Galaxy A22/23/24/25

iPhone SE 2022

Mate 30

Honor 30/ LITE/ PRO/PlUS

A32

IQOO Z1

14 pro

Galaxy A3 2016

iPhone 8

Mate 30 PRO

Honor 30i/S

A35

IQOO Z1X

14 ultra

Galaxy A3 2017

iPhone 8 Plus

Mate 40 PRO

Honor 50 LITE/ PRO/PlUS/ SE

A3S

IQOO Z3

BLACK SHARK

Galaxy A30

iPhone X

Mate 40 PRO 5G

Honor 5C

A5

IQOO Z5

BLACK SHARK 2

Galaxy A30s

iPhone Xr

Mate X

Honor 5X

A5 2020

IQOO Z5X

BLACK SHARK 2 PRO

Galaxy A31/32/33/34/35

iPhone Xs

Mate Xs

Honor 60

A52

NEX

Black Shark 5

Galaxy A40/A41/A42

iPhone Xs Max

Nova

Honor 60 Pro

A53

NEX 3

BLACK SHARK HELO

Galaxy A5 2016

iPhone 11

Nova 2

Honor 60 SE

A54

NEX 3 5G

Blask Shark 5 Pro

Galaxy A5 2017

iPhone 11 Pro

Nova 2 PLUS

Honor 6A

A54 5G

NEX S

Civi 1S

Galaxy A50/51/52/53/54

iPhone 11 Pro Max

Nova 2I

Honor 6A PRO

A54S

S1

Civi 2

Galaxy A6 / Plus

iPhone 12 mini

Nova 3

Honor 6C

A55

S6 5G

Civi 3

Galaxy A60

iPhone 12

Nova 3I

Honor 6C PRO

A55 5G

S7T

MI 10/ Lite/Pro/Ultra

Galaxy A7 2016

iPhone 12 Pro

Nova 5T

Honor 6X

A57

S9E

MI 10I/10S/10T/10T LITE

Galaxy A7 2017

iPhone 12 Pro Max

Nova 8

Honor 7

A5S

U10

MI 11/Lite/Lite 5G/PRO/Ultra

Galaxy A7 2018

iPhone 13 mini

Nova 8 5G

Honor 70/Lite/Pro /Pro Plus

A71

V11

MI 11I

Galaxy A70/71/72/73

iPhone 13

Nova 8I

Honor 7A

A71 2018

V11 PRO

MI 11X

Galaxy A8/Plus

iPhone 13 Pro

Nova 9

Honor 7A PRO

A72

V11I

MI 11X PRO

Galaxy A80

iPhone 13 Pro Max

Nova 9 PRO

Honor 7C

A72 5G

V15

MI 4/4C/4I/4S

Galaxy A9 2016

iPhone 14

Nova LITE

Honor 7i

A73

V15 PRO

MI 5

Galaxy A9 2018

iPhone 14 Plus

Nova PLUS

Honor 7S

A73 5G

V17

MI 5 PRIME/PRO

Galaxy A9 Pro 2016

iPhone 14 Pro

P SMART

Honor 7X

A74

V17 NEO

MI 5C/5S/5S PLUS

Galaxy J2 2017

iPhone 14 Pro Max

P SMART 2019

Honor 70/Lite/Pro/Pro plus

A83

V17 PRO

MI 6

Galaxy J2 2018

iPhone 15

P SMART 2021

Honor 7A

A9

V19

MI 8/ EXPLORER/ LITE/PRO/SE

Galaxy J2 core 2018

iPhone 15 Plus

P SMART PLUS 2019

Honor 7A PRO

A9 2020

V20

MI 9/ LITRE/PRO/SE

Galaxy J2 prime

iPhone 15 Pro

P SMART Z

Honor 7C

A91

V20 2021

MI 9T/ 9T PRO

Galaxy J2 Pro 2018

iPhone 15 Pro Max

P10/LITE/PLUS

Honor 7i

A95

V20 PRO

MI A1/A2/ A2 LITE

Galaxy J3 2017

Series 3 42mm

P20 /LITE/PRO

Honor 7S

A95 5G

V20 SE

MI A3

Galaxy J3 2018

Series 4 40mm

P30 /LITE/PRO

Honor 7X

A96

V21

MI CC9

Galaxy J4 2018

Series 4 44mm

P40 /LITE// LITE E PRO

Honor 8/ LITE/ PRO

F11

V21 5G

MI CC9 PRO

Galaxy J4 Plus 2018

Series 5 40mm

P40 PRO PLUS

Honor 80

F11 PRO

V21E

MI CC9E

Galaxy J5 2017

Series 5 44mm

P8/LITE/2017

Honor 80 GT

F17

V21E 5G

MI MAX

Galaxy J5 prime

Watch SE 40mm

P9 / LITE/ PLUS

Honor 80 Pro

F17 PRO

V7

MI MAX 2/3

Galaxy J6 2018

Watch SE 44mm

Y3 2017

Honor 80 SE

F5

V7 PLUS

MI MIX/2/2S

Galaxy J6 plus 2018

Series 6 40mm

Y3 2018

Honor 8A

F7

V9

MI MIX 3/ 5G

Galaxy J7 2016

Series 6 44mm

Y5 2017

Honor 8A PRIME

F9 PRO

V9 PRO

Mi Mix Fold

Galaxy J7 2017

Series 7 41mm

Y5 2018

Honor 8A PRO

FIND N

V9 YOUTH

MI NOTE 10/Lite/Pro

Galaxy J7 2018

Series 7 45mm

Y5 2018 LITE

Honor 8C

FIND X 2

X21

MI NOTE 2/3

Galaxy J7 neo

Series 8 41mm

Y5 2019

Honor 8S

FIND X 2 PRO

X21I

MI PLAY

Galaxy J7 prime

Series 8 45mm

Y5 PRIME 2018

Honor 8X

FIND X 3 PRO

X23

POCO C31

Galaxy J8 2018

Apple Watch SE 2 44mm

Y5P

Honor 8X MAX

K1

X27

POCO M2/M3/ M3Pro/M3 PRO 5G

Galaxy M01/ core/S

Apple Watch SE 2 40mm

Y6 2018

Honor 9

K7X

X27 PRO

POCO M4 PRO/M$ PRO 5G

Galaxy M10/ core/S

Apple Watch Series 3 38mm

Y6 2019

Honor 9 LITE

R11S

X30/ PRO

POCO X2/X3/X3 GT

Galaxy M11/ 12/20/20/21/22

Airpods (1st generation)

Y6 PRIME 2018

Honor 9 premium

R17

X50/5G

POCO X3 NFC

Galaxy M30/ s

Airpods (2nd generation)

Y6 PRIME 2019

Honor 90

REALME 2 PRO

X50 PRO/PLUS

POCO X3 PRO

Galaxy M31 /s

Airpods (3rd generation)

Y6 PRO 2015

Honor 90 GT

REALME 7

X60/ PRO/PRO PLUS

POCOPHONE POCO F1

Galaxy M32 / 33/ 40/51/52

Airpods Pro

Y6 PRO 2017

Honor 90 lite

REALME 8

X60T PRO PLUS

POCOPHONE POCO F2 PRO

Galaxy Note 10

Airpods Pro (2nd generation)

Y6 PRO 2019

Honor 90 Pro

REALME 8I

Y11 2019

POCOPHONE POCO F3

Galaxy Note 10 inch II 2014

 

Y6II 2016

Honor 90 smart

REALME C2

Y11S

POCOPHONE POCO F3 GT

Galaxy Note 10 lite/ plus

 

Y6II COMPACT

Honor 9A

REALME C21

Y12/Y12I

REDMI 10/Prime

Galaxy Note 20 / ultra

 

Y6P

Honor 9C

REALME C21Y

Y12S 2021

Redmi 10A

Galaxy Note 4/5/8

 

Y7 2017

Honor 9S

REALME GT NEO

Y15 2019

REDMI 10X 5G

Galaxy Note 8 inch 3G

 

Y7 2018

Honor 9X

REALME GT NEO2

Y15A

REDMI 10X PRO 5G

Galaxy Note 9

 

Y7 2019

Honor 9X LITE

REALME NARZO 50I

Y15S

Redmi 12/ 12C/13C/13R

Galaxy S10 / lite/plus /e

 

Y7 PRIME 2017

Honor 9X PRO

RENO 10X ZOOM

Y17/Y19/Y1S/Y20

REDMI 2/2 PRIME/2A

Galaxy S20/ FE/ plus/ultra

 

Y7 PRIME 2018

Honor Magic 4/Lite/ Pro

RENO 2

Y20 2021

REDMI 3/ PRO/S/3S /3S PLUS/3X

Galaxy S21/ FE/ plus/ ultra

 

Y7 PRIME 2019

Honor Magic 5/Lite/ Pro

RENO 2Z

Y20A

REDMI 4/ PRO/4A/4X

Galaxy S22/plus/ultra

 

Y7 PRO 2018

Honor Magic 6/ Lite/Pro

RENO 3 PRO

Y20G

REDMI 5tk

Galaxy S23 / FE/ Plus/ultra

 

Y7 PRIME 2019

Honor Magic V

RENO 4

Y20I

REDMI 5 PLUS

Galaxy S24/plus/ultra

 

Y7 PRO 2018

Honor Magic V2

RENO 4 5G

Y20S

REDMI 5A

Galaxy S6/edge/plus

 

Y7 PRO 2019

Honor Magic VC

RENO 4 LITE

Y20S G

REDMI 6

Galaxy S7/edge/plus

 

Y8P

Honor PLAY

RENO 4 PRO

Y20T

REDMI 6 PRO

Galaxy S8/ plus

 

Y9 2018

Honor Play 20

RENO 4 PRO 5G

Y21

REDMI 6A

Galaxy S9/ plus

 

Y9 2019

Honor Play 30/Plus

RENO 5 LITE

Y21S

REDMI 7/7A

Galaxy Z Flip/3/4/5/6

 

Y9 PRIME 2019

Honor Play 40/Plus

RENO 6

Y3

REDMI 8/8A

Galaxy Z Fold/2/3/4/5/6

 

Y9S 2019

Honor Play 5/ 50 Plus/

RENO 6 5G

Y3 STANDARD

REDMI 9/ POWER/ PRIME

 

 

 

Honor Play 5T Pro/Youth

RENO 6 PRO 5G

Y30/ Y30G

REDMI 9A/ 9AT

 

 

 

Honor Play 6C/ 6T/6T PRO

RENO 6 PRO PLUS 5G

Y31 2021

REDMI 9C

 

 

 

Honor Play 7T/ PRO

RENO Z

Y31S

REDMI 9C NFC

 

 

 

Honor Play 8T

RX17 NEO

Y33

REDMI 9I

 

 

 

Honor V Purse

RX17 PRO

Y33S

REDMI 9T

 

 

 

Honor V30 PRO

 

Y33S 5G

Redmi A1

 

 

 

Honor V40

 

Y33T

Redmi A1 Plus

 

 

 

Honor V40 Lite

 

Y50

Redmi A2

 

 

 

Honor VIEW 10/20/30 PRO

 

Y51 2020

Redmi A2 Plus

 

 

 

Honor X20/SE

 

Y51A

Redmi A3

 

 

 

Honor X30/ MAX

 

Y51S

REDMI GO

 

 

 

Honor X30i

 

Y52 5G/ S

REDMI K20

 

 

 

Honor X40 /GT

 

Y53S/ 5G

REDMI K20 PRO

 

 

 

Honor X40I

 

Y55 5G

REDMI K30

 

 

 

Honor X5/plus

 

Y55S

REDMI K30 5G

 

 

 

Honor X50

 

Y55S 5G

REDMI K30 PRO

 

 

 

Honor X50 GT

 

Y5S

REDMI K30 PRO ZOOM

 

 

 

Honor X50 Pro

 

Y65/Y69

REDMI K30 ULTRA

 

 

 

Honor X50i

 

Y71

REDMI K40

 

 

 

Honor X50i Plus

 

Y71I

REDMI K40 GAMING

 

 

 

Honor X6

 

Y73

REDMI K40 PRO

 

 

 

Honor X6A

 

Y76 5G

Redmi K40S

 

 

 

Honor X7

 

Y76S

Redmi K50/Gaming/Pro/Ultra

 

 

 

Honor X7A

 

Y81

Redmi K50i

 

 

 

Honor X7B

 

Y81I

Redmi K60/Pro/Ultra

 

 

 

Honor X8/X8A/ X8B

 

Y83/Y85Y89/Y90/Y91/Y91C/Y91I/Y93

Redmi K60E

 

 

 

Honor X9/X9A/ X9B

 

Y93 LITE

Redmi K70 /E/Pro

 

 

 

 

 

Y93S/ Y95/Z1/ Z1 PRO

REDMI NOTE 10 /5G/Pro/Pro MAX

 

 

 

 

 

Z1I/Z1X/Z3X/Z5/Z5X/Z5X 2020

Redmi K70 /E/Pro

 

Планшеттер:

SAMSUNG

Galaxy Tab 4 10 inch 3G / LTE

Galaxy Tab 4 8 inch 3G

Galaxy Tab A 10.1 2019

Galaxy Tab A 10.5 2018

Galaxy Tab A 7.0 LTE

Galaxy Tab A 8.0 S PEN 2019

Galaxy Tab A 8.4 2020

Galaxy Tab A 9.7 LTE

GALAXY TAB A7 10.4 2020

Galaxy Tab A7 Lite 2021

Galaxy Tab A8 10.5 2021

Galaxy Tab A9

Galaxy Tab A9 plus

Galaxy Tab Active 5

Galaxy Tab Active 8 inch LTE

Galaxy Tab E 9.6 3G

Galaxy Tab Pro 8 inch LTE

Galaxy Tab Pro S LTE

Galaxy Tab S 10.5 inch LTE

Galaxy Tab S 8 inch LTE

Galaxy Tab S2 8.0 LTE T715

Galaxy Tab S2 9.7 LTE T815

Galaxy Tab S2 9.7 LTE T819

Galaxy Tab S3 9.7 LTE

Galaxy Tab S4 10.5 LTE

GALAXY TAB S5e

GALAXY TAB S6

GALAXY TAB S7

GALAXY TAB S7 fe

GALAXY TAB S7 plus

Galaxy Tab S8

Galaxy Tab S8 plus

Galaxy Tab S8 ultra

Galaxy Tab S9

Galaxy Tab S9 FE

Galaxy Tab S9 FE plus

Galaxy Tab S9 plus

Galaxy Tab S9 ultra

Galaxy Tab3 Lite 7.0 3G

Galaxy Tab4 7 inch 3G

 

5. Басқа талаптар

5.1. Қатысушылардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында, сондай-ақ осы Ережелерде белгіленген құқықтары мен міндеттері бар.

5.2. Акцияға қатыса отырып, Қатысушы осы Ережелермен шартсыз келісетінін білдіреді. Қатысушының Ережелерді толық және/немесе оның бір бөлігін сақтаудан бас тартуы Қатысушының Акцияға қатысудан бас тартуы болып танылады.

5.3. Ұйымдастырушы осы Ережелерді бір жақты тәртіппен өзгертуге құқылы, бұл туралы ол Қатысушыға Акцияның Сайтында және/немесе Ұйымдастырушының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында тиісті хабарлама орналастыру арқылы алдын-ала хабарлайды. Сайта тиісті ақпаратты жариялау күні немесе талаптар өзгерген кезде көрсетілген қосымша күн хабарлау күні болып табылады. Көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда Қатысушы Акцияға қатысудан бас тарту арқылы өзгерістерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күн өткеннен кейін Акцияға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістермен келісуі болып қаралады. Қызмет көрсету сапасын бақылау үшін Қатысушыға Ұйымдастырушының Сапа бөлімінен қоңырау шалуы мүмкін.

5.4. Акция конкурс, лотерея немесе тәуекелге негізделген басқа құмар ойы болып табылмайды;

5.5. Акцияны Ұйымдастырушы телекоммуникациялық және энергетикалық желілердегі іркілістің, зиянды бағдарламалардың әсер етуінің, сондай-ақ үшінші тұлғалардың Ұйымдастырушының бағдарламалық және/немесе аппараттық кешенін (Интернет-ресурсын) рұқсатсыз пайдалануға және/немесе істен шығаруға бағытталған арам іс-қимылдарының нәтижесі болған өз міндеттемелерінің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін жауапкершілік көтермейді.

5.6. Осы интернет-сайт және онда көрсетілген деректердің барлығы тек қана ақпарат беру үшін берілген және ешбір жағдайда Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-бабының ережелерінде анықталған жария оферта болып табылмайды. Флагмандардың нақты сипаттамалары интернет-сайтта келтірілген сипаттамалардың өзгеше болуы мүмкін, барлық кескіндер анықтама үшін келтірілген. Флагмандардың белгілі бір түстерде және белгілі бір функцияларымен қолжетімді болуы Флагмандардың Samsung Online Store веб-сайтында нақты болуына байланысты.

5.7. Ұйымдастырушы Акция шеңберінде өзіне алынған міндеттемелерді орындау үшін үшінші тұлғаларды тартуға құқылы.

5.8. Сіздің өңіріңізде сатылатын Флагмандардың болуы және құны туралы толығырақ ақпарат алу үшін Samsung Online Store сайтының клиенттерін қолдау қызметіне хабарласыңыз.

5.9. Акцияға қатысты кез-келген мәселелер бойынша Samsung Online Store веб-сайтының клиенттерін қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Акцияның шарттары жөнінде түсініктеме алу үшін мына байланыс деректерін пайдаланыңыз:


7700 – қоңырау шалу тегін

Ұйымдастырушының әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары:

https://vk.com/samsungkazakhstan ↗
https://www.instagram.com/samsungkz ↗
https://www.facebook.com/SamsungKazakhstan ↗

Шағымдар мен ұсыныстарға арналған байланыс деректері:

[email protected] – Құрылғыларды бағалау және табыстау, Құрылғыны Төлеп алу шарты және Құрылғыны қайтару мәселелері бойынша

[email protected] – Флагманды сатып алу мәселелері және осы Ережелердің шарттары жөніндегі басқа мәселелер бойынша.

«TRADE-IN» ПРОМОАКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІНЕ №1 ҚОСЫМША

1. Серіктестің Грейдингті жүзеге асыруына қойылатын минималды талаптар:

• Құрылғы Apple және Google аккаунттардан ажыратылған және графикалық кілті алып тасталған;

• Құрылғы қосылады;

• Құрылғының экраны кескінді көрсетіп тұр және тач скрин дұрыс жұмыс істеп тұр;

• Саусақ іздерінің сканері/бет-жүз сканері жұмыс істеп тұр;

• Сұрау бойынша IMEI *#06# корпустағы IMEI-мен бірдей (құрылғының артқы жағында немесе SIM-картаның науашасында);

• Жарлық жай-күйде зауыттық қаптаманың немесе акссуарлардан құралатын жиынтықтың болмауына рұқсат етіледі.

2. Серіктес келесі жай-күйлер бойынша Грейдинг жасайды

 

Мінсіз күйде (Grade-A):

Дисплей:

• Матрицада өңі кеткен, сарғайған, ағарып кеткен дақтар және матрицаның басқа кез-келген ақаулары: Жол берілмейді

• Тырнақпен сезілетін сызаттар (Көмескі жарықта кез-келген бұрыштан көрінетін сызаттар: Жол берілмейді

• Тырнақпен сезілмейтін сызаттар (Тек қана жарық жақсы болса және белгілі-бір бұрыштан ғана көрінетін болса): біреуден көп емес

• Жарық нашар болған кезде кез-келген бұрыштан көрінетін кез-келген тозған жерлер: Жол берілмейді

• Кез-келген көлемдегі жарықшақтар: Жол берілмейді

• Кез-келген көлемдегі сызаттар: Жол берілмейді

• Жарылу: Жол берілмейді

Корпус:

• Тырнақпен сезілетін сызаттар (Көмескі жарықта кез-келген бұрыштан көрінетін сызаттар: Жол берілмейді

• Тырнақпен сезілмейтін сызаттар (Тек қана жарық жақсы болса және белгілі-бір бұрыштан ғана көрінетін болса): біреуден көп емес

• Кез келген көлемдегі майысқан жерлер: Жол берілмейді

• Кез-келген көлемдегі жарықшақтар: Жол берілмейді

• Кез-келген көлемдегі сызаттар: Жол берілмейді

• Жарық нашар болған кезде кез-келген бұрыштан көрінетін кез-келген тозған жерлер: Жол берілмейді

• Жарылу: Жол берілмейді

• Корпустың бүтіндігі бұзылған, корпус сыртқы бүгілген (бүгілген корпус деп тегіс бетте үстіңгі немесе астыңғы шетін басқан кезде құрылғының тербелуін айтады): Жол берілмейді

• Құрылғыда түпнұсқалық емес құрауыштар немесе элементтер бар: Жол берілмейді

• Құрылғыда түпнұсқалық емес жөндеудің іздері бар: Жол берілмейді

• Құрылғыға аэрография немесе лазерлік нақыштама салынған: Жол берілмейді

Түймелер:

• Дауыс қаттылығы түймелері: Ақаусыз

• Өшіру түймесі: Ақаусыз

• Экранның астындағы «Үйге» түймесі (егер бар болса): Ақаусыз

• Дыбысты өшіру түймесі (егер бар болса): Ақаусыз

• Басқа түймелер (егер бар болса): Ақаусыз

Жақсы күйде (Grade-B):

Дисплей:

• Матрицада өңі кеткен, сарғайған, ағарып кеткен дақтар және матрицаның басқа кез-келген ақаулары: Жол берілмейді

• Тырнақпен сезілетін сызаттар (Көмескі жарықта кез-келген бұрыштан көрінетін сызаттар): біреуден көп емес

• Тырнақпен сезілмейтін сызаттар (Тек қана жарық жақсы болса және белгілі-бір бұрыштан ғана көрінетін болса): 10-нан көп емес

• Жарық нашар болған кезде кез-келген бұрыштан көрінетін кез-келген тозған жерлер: Жол берілмейді

• Кез-келген көлемдегі жарықшақтар: Жол берілмейді

• Кез-келген көлемдегі сызаттар: Жол берілмейді

• Жарылу: Жол берілмейді

Корпус:

• Тырнақпен сезілетін сызаттар (Көмескі жарықта кез-келген бұрыштан көрінетін сызаттар: біреуден көп емес

• Тырнақпен сезілмейтін сызаттар (Тек қана жарық жақсы болса және белгілі-бір бұрыштан ғана көрінетін болса): 10-нан көп емес

• Кез келген көлемдегі майысқан жерлер: Жол берілмейді

• Кез-келген көлемдегі жарықшақтар: Жол берілмейді

• Кез-келген көлемдегі сызаттар: Жол берілмейді

• Жарық нашар болған кезде кез-келген бұрыштан көрінетін кез-келген тозған жерлер: біреуден көп емес

• Жарылу: Жол берілмейді

• Корпустың бүтіндігі бұзылған, корпус сыртқы бүгілген (бүгілген корпус деп тегіс бетте үстіңгі немесе астыңғы шетін басқан кезде құрылғының тербелуін айтады): Жол берілмейді

• Құрылғыда түпнұсқалық емес құрауыштар немесе элементтер бар: Жол берілмейді

• Құрылғыда түпнұсқалық емес жөндеудің іздері бар: Жол берілмейді

• Құрылғыға аэрография немесе лазерлік нақыштама салынған: Жол берілмейді

Түймелер:

• Дауыс қаттылығы түймелері: Ақаусыз

• Өшіру түймесі: Ақаусыз

• Экранның астындағы «Үйге» түймесі (егер бар болса): Ақаусыз

• Дыбысты өшіру түймесі (егер бар болса): Ақаусыз

• Басқа түймелер (егер бар болса): Ақаусыз

Жұмыс күйде (Grade-C):

Дисплей:

• Матрицада өңі кеткен, сарғайған, ағарып кеткен дақтар және матрицаның басқа кез-келген ақаулары: Жол беріледі

• Тырнақпен сезілетін сызаттар (Көмескі жарықта кез-келген бұрыштан көрінетін сызаттар): біреуден көп

• Тырнақпен сезілмейтін сызаттар (Тек қана жарық жақсы болса және белгілі-бір бұрыштан ғана көрінетін болса): 10-нан көп

• Жарық нашар болған кезде кез-келген бұрыштан көрінетін кез-келген тозған жерлер: Жол берілмейді

• Кез-келген көлемдегі жарықшақтар: Жол берілмейді

• Кез-келген көлемдегі сызаттар: Жол берілмейді

• Жарылу: Жол берілмейді

Корпус:

• Тырнақпен сезілетін сызаттар (Көмескі жарықта кез-келген бұрыштан көрінетін сызаттар): біреуден көп

• Тырнақпен сезілмейтін сызаттар (Тек қана жарық жақсы болса және белгілі-бір бұрыштан ғана көрінетін болса): 10-нан көп

• Кез келген көлемдегі майысқан жерлер: Жол беріледі

• Кез-келген көлемдегі жарықшақтар: Жол беріледі

• Кез-келген көлемдегі сызаттар: Жол беріледі

• Жарық нашар болған кезде кез-келген бұрыштан көрінетін кез-келген тозған жерлер: біреуден көп

• Жарылу: Жол берілмейді

• Корпустың бүтіндігі бұзылған, корпус сыртқы бүгілген (бүгілген корпус деп тегіс бетте үстіңгі немесе астыңғы шетін басқан кезде құрылғының тербелуін айтады): Жол берілмейді

• Құрылғыда түпнұсқалық емес құрауыштар немесе элементтер бар: Жол берілмейді

• Құрылғыда түпнұсқалық емес жөндеудің іздері бар: Жол берілмейді

• Құрылғыға аэрография немесе лазерлік нақыштама салынған: Жол берілмейді

Түймелер:

• Дауыс қаттылығы түймелері: Ақаусыз

• Өшіру түймесі: Ақаусыз

• Экранның астындағы «Үйге» түймесі (егер бар болса): Ақаусыз

• Дыбысты өшіру түймесі (егер бар болса): Ақаусыз

• Басқа түймелер (егер бар болса): Ақаусыз

Бұзылған күйде (Grade-D):

Дисплей:

• Матрицада өңі кеткен, сарғайған, ағарып кеткен дақтар және матрицаның басқа кез-келген ақаулары: Жол беріледі

• Тырнақпен сезілетін сызаттар (Көмескі жарықта кез-келген бұрыштан көрінетін сызаттар): біреуден көп

• Тырнақпен сезілмейтін сызаттар (Тек қана жарық жақсы болса және белгілі-бір бұрыштан ғана көрінетін болса): 10-нан көп

• Жарық нашар болған кезде кез-келген бұрыштан көрінетін кез-келген тозған жерлер: Жол беріледі

• Кез-келген көлемдегі жарықшақтар: Жол беріледі

• Кез-келген көлемдегі сызаттар: Жол беріледі

• Жарылу: Жол беріледі

Корпус:

• Тырнақпен сезілетін сызаттар (Көмескі жарықта кез-келген бұрыштан көрінетін сызаттар): біреуден көп

• Тырнақпен сезілмейтін сызаттар (Тек қана жарық жақсы болса және белгілі-бір бұрыштан ғана көрінетін болса): 10-нан көп

• Жарық нашар болған кезде кез-келген бұрыштан көрінетін кез-келген тозған жерлер: Жол беріледі

• Кез-келген көлемдегі жарықшақтар: Жол беріледі

• Кез-келген көлемдегі сызаттар: Жол беріледі

• Жарық нашар болған кезде кез-келген бұрыштан көрінетін кез-келген тозған жерлер: біреуден көп

• Жарылу: Жол беріледі

• Корпустың бүтіндігі бұзылған, корпус сыртқы бүгілген (бүгілген корпус деп тегіс бетте үстіңгі немесе астыңғы шетін басқан кезде құрылғының тербелуін айтады): Жол беріледі

• Құрылғыда түпнұсқалық емес құрауыштар немесе элементтер бар: Жол беріледі

• Құрылғыда түпнұсқалық емес жөндеудің іздері бар: Жол беріледі

• Құрылғыға аэрография немесе лазерлік нақыштама салынған: Жол беріледі

Түймелер:

• Дауыс қаттылығы түймелері: Ақауы бар

• Өшіру түймесі: Ақауы бар

• Экранның астындағы «Үйге» түймесі (егер бар болса): Ақауы бар

• Дыбысты өшіру түймесі (егер бар болса): Ақауы бар

• Басқа түймелер (егер бар болса): Ақауы бар