«WINDFREE ЖЕЛСІЗ САЛҚЫНДЫҚ!» ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
«WINDFREE ЖЕЛСІЗ САЛҚЫНДЫҚ!» жарнамалық акциясына (бұдан әрі – «Акция») қатысудың осы ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС (бұдан әрі – «Ұйымдастырушы») және Акцияның қатысушысы арасындағы келісім болып табылады. Акцияға қатысу ерікті болып табылады және Қатысушының сайтта келесі мекенжай бойынша: https://www.samsung.com/kz_kz/; https://www.samsung.com/kz_ru/ (бұдан әрі – «Акция сайты») жарияланған Акцияға қатысудың осы ережелерімен (бұдан әрі – «Ережелер») танысқандығын және сөзсіз келіскендігін білдіреді.
1. Жалпы ережелер:
1.1. Ұйымдастырушы: «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС, келесі мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A05D7M5, Алмалы ауданы, Желтоқсан көшесі, 115, 3 қабат.
1.2. Акцияны өткізу кезеңі: 2024 жылдың 1 сәуірі мен 31 тамызы аралығында (қоса алғанда).
1.3. Акцияны өткізу аумағы: Қазақстан Республикасының барлық қалалары.
1.4. Ұйымдастырушының ресми серіктестері (бұдан әрі - Серіктестер):
· «Arena S» (Арена S) ЖШС – SULPAK
· «Компания Эврика» ЖШС – EVRIKA
· «Мечта Маркет» ЖШС – МЕЧТА
· «Technodom Operator» (Технодом Оператор) АҚ – TECHNODOM
· «SAMSUNG» ЖШС – SAMSUNG
2. Акцияның Қатысушысы
2.1. Осы Ережелердің барлық шарттарын орындаған 18 жасқа толған әрекетке қабілетті жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденттері болмайтын тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтары Акцияның Қатысушысы (бұдан әрі – «Қатысушы») бола алады..
2.2. Акцияға Ұйымдастырушының қызметкерлері, олармен байланысты тұлғалар, олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ Акцияны ұйымдастыруға және өткізуге қатысы бар басқа да компаниялардың қызметкерлері қатыса алмайды.
2.3. Акцияға қатыса отырып, сондай-ақ тіркелу кезінде немесе өзге жолмен дербес деректер болып табылатын ақпаратты қоса алғанда (соның ішінде Акция сайтында), кез келген ақпаратты ұсыну арқылы Қатысушы, Ұйымдастырушыға және уәкілетті үшінші тұлғаларға Акцияның өткізілуін, оның шарттарының орындалуын, жарнамалық, маркетингілік және хабарламалық жіберілімдерді, сонымен қатар маркетинг мақсаттарында басқа да контактілерді бақылау үшін жеке ақпаратты, соның ішінде трансшекаралық сақтауға, өңдеуге, беруге, орналастыруға келесі көлемде рұқсат береді: орналасқан қаласы, толық аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдік азаматтың жеке куәлігі немесе ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұратын мекенжайы. Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады. Соның ішінде Ұйымдастырушы/үшінші тұлғалар/ Ұйымдастырушының басқа да уәкілетті тұлғалары берілген ақпаратты алуды, жазуды, сақтауды, нақтылауды, пайдалануды, беруді (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруді) жоюды қосқанда жүзеге асыра алады және бұл мұнымен шектелмейді. Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады.
2.4. Қатысушы Акцияға қатыса отырып, Ұйымдастырушыға фото/бейне түсірілімді жүргізуге, оның кескінімен/қатысуымен тиісті фото/бейне материалдарын сақтауға, пайдалануға және Ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының ресми беттерінде орналастыруға, сонымен қатар сәйкес фото/бейне материалдарды басқа да мақсаттарда, соның ішінде бухгалтерлік және есеп беруді қосқанда және мұнымен шектелмейтін мақсаттарда пайдалануға сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді.
3. Акцияның сипаттамасы
2.1. Осы Ережелерге сәйкес Қатысушы осы Ережелерде қарастырылған барлық шарттарды орындаған жағдайда, төменде көрсетілген сыйлықтардың бірін алу мүмкіндігін иеленеді.
4. Акцияға қатысудың шарттары:
4.1. Акцияға қатысу үшін Акция өткізілетін кезеңде келесі іс-әрекеттерді орындау қажет::
˗ Ұйымдастырушының Серіктестерінің бірінен №1 Кестеде көрсетілген тізімнен Samsung WindFree кондиционерлерінің ішінен бір модельді сатып алу керек;
˗ Сатылымды сайттағы «АКЦИЯЛАР» тарауында тіркеп, келесі ақпаратты қоса беру керек: (1) Т.А.Ә., электронды поштаның сенімді мекенжайын, телефон нөмірін, Samsung WindFree кондиционері сатып алынған қаланы, Серіктесті (қайдан сатып алынды), кондиционердің моделін, сатып алу күнін көрсету; (2) чектің фотосуретін немесе скан-көшірмесін қосу, ондағы барлық ақпарат, соның ішінде сатып алынған күн, Ұйымдастырушының Серіктесінің атауы және кондиционердің тауар позициясы толықтай анық көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ сайтта тіркеу үшін сатып алуды растайтын өзге де құжаттар қабылдануы мүмкін, бірақ бұл тек Ұйымдастырушының ресми Серіктестерінде чекті беру нұсқасы қарастырылмаған жағдайда ғана қолданылады. Немесе сатып алуды Акция Ұйымдастырушысының ресми Серіктестерінің сайтында тіркеуге болады.
˗ Чектегі барлық деректер кескінде анық оқи алатындай болуы тиіс. Файлдың типі: JPEG, JPG, мөлшері 10 Мб аспайды, шешімі кемінде 200 (екі жүз) dpi болуы тиіс. Фотосуреттер болып табылмайтын кескіндерге (скриншоттарға, таңбаларға, суреттерге, компьютерлік графикаға, фотомонтажға) тыйым салынған. Чек толықтай, соның ішінде чектің жоғарғы және төменгі шектері, суретке түсірілуі керек, чектің кескіні міндетті түрде тігінен түсірілуі тиіс. Чек тікелей тік бұрышта суретке түсіру керек;
˗ Жүктелген чектер олар жүктелген сәттен бастап 72 сағат ішінде Акцияның шарттарына сәйкестігін бағалайтын тексерістен (модерациядан) өтеді. Егер кескін оқылмайтын (жеке алғанда, жартылай бұзылыстары бар болса, айқын түсірілмесе) немесе жалған болып танылса, онда Ұйымдастырушы Қатысушыға жүктелген чекті кез келген уақытта есептемеу құқығын иеленеді. Чекті тексерудің нәтижесі жазылған ақпарат сайтта тіркелген кезде көрсетілген ұялы телефон нөмірі бойынша Акцияның Қатысушысына SMS-хабарлама түрінде жіберілетін болады;
˗ Акцияның өту кезеңінде бір чектің кескіні ресми серіктестің сайтына немесе samsung.com сайтына тек бір рет қана жүктеле алады;
˗ Егер бір кассалық чекте акциялық тауардың 1 бірлігінен артық сатылым жасалған болса, онда аталған чек бойынша тек бір сатылымды Акцияға қатысу үшін пайдалануға болады;
˗ Қатысушы жүктелген тауарлық чектерді жүлдені ұтқан жағдайда Ұйымдастырушыға көрсету үшін міндетті түрде сақтау керек;
˗ Акцияға тұрақты бөлшек бағасы бойынша сатып алынған кондиционерлер қатысады.
Кесте 1:
PM 1.0 Wind free |
AR09AXAAAWKNER |
PM 1.0 Wind free |
AR12AXAAAWKNER |
GEO Freeze wash |
AR09BSEANWKNER |
GEO Freeze wash |
AR12BSEANWKNER |
WindFree Mass (GEO) |
AR09BSFAMWKNER |
WindFree Mass (GEO) |
AR12BSFAMWKNER |
WindFree Mass (GEO) |
AR18BSFAMWKNER |
WindFree Mass (GEO) |
AR24BSFAMWKNER |
WindFree Mass (AIRISE) |
AR09BSFCMWKNER |
WindFree Mass (AIRISE) |
AR12BSFCMWKNER |
WindFree Mass (AIRISE) |
AR18BSFCMWKNER |
WindFree Mass (AIRISE) |
AR24BSFCMWKNER |
5. Сыйлық
5.1. Акцияның жүлделік қоры Акцияны Ұйымдастырушының ақшалай қаражаты және мүлкі есебінен құралады және келесі сыйлықтарды қамтиды:
№ |
Модельдің коды |
Модельдің атауы |
Саны |
1 |
MG23T5018AE/BW |
MWO BESPOKE MW5000T 23 л |
3 |
2 |
MG30T5018AK/BW |
MWO BESPOKE MW5000T 30 л |
3 |
3 |
MS23F302TAK/BW |
MWO Muse 3 Solo 23 л |
3 |
4 |
VS20C8524TB/EV |
Jet 85 Complete |
1 |
5 |
VS15A6031R4/EV |
VC Stick JET 60 Turbo |
1 |
6 |
VS20B75ACR5/EV |
VC Stick Jet 75E Complete |
2 |
7 |
VCC8836V36/XEV |
SC8836 контейнері бар шаңсорғыш |
4 |
8 |
MX-ST40B/RU |
Ultra Slim soundbar S800B |
5 |
9 |
UE43CU8000UXCE |
Crystal UHD 4K |
4 |
10 |
QE43Q60CAUXCE |
QLED 4K |
2 |
11 |
UE50CU7100UXCE |
Crystal UHD 4K |
2 |
12 |
SM-S921BZADSKZ |
Galaxy S24 5G 128GB |
1 |
13 |
SM-S911BZKDSKZ |
Galaxy S23 5G 128GB |
1 |
14 |
SM-S911BLIGSKZ |
Galaxy S23 5G 256GB |
1 |
15 |
SM-F731BZEGSKZ |
Galaxy Z Flip5 5G 256GB |
2 |
16 |
SM-A546EZKASKZ |
Galaxy A54 5G 128GB |
2 |
17 |
SM-A256ELBDSKZ |
Galaxy A25 5G 128GB |
3 |
18 |
SM-X115NDBESKZ |
Galaxy Tab A9 8.7" 128GB |
1 |
19 |
SM-R400NZWACIS |
Galaxy Buds FE white |
2 |
20 |
SM-R930NZKACIS |
Galaxy Watch6 (40mm) |
2 |
21 |
SM-R940NZSACIS |
Galaxy Watch6 (44mm) |
2 |
22 |
SM-R960NZKACIS |
Galaxy Watch6 Classic (47mm) |
1 |
23 |
LS32CG510EIXCI |
Odyssey G5 32” ойын мониторы |
2 |
Барлығы |
50 |
5.2. Сыйлықтардың саны шектеулі. Сыйлықтарды ақшалай қаражатқа немесе өзге тауарларға алмастыруға тыйым салынған. Акцияның Қатысушысы Сыйлықты алудан бас тартуға құқылы, алайда осы жағдайда Қатысушыға қандай да бір ақшалай қаражатты/өтемақыны төлеу жүргізілмейді.
5.3. Ай сайынғы сыйлықтардың иелерін анықтау ұтысы әрбір акциялық айдың (барлығы 5 ай) соңында тіркеуден өткен және ең кемінде бір чекті табысты тіркеген қатысушылардың арасында жүргізіледі. Сыйлықтардың ұтысы Samsung ресми инстаграм-аккаунтының тікелей эфирінде жүзеге асырылатын болады. Әрбір қатысушыға бірегей ID беріледі. Жеңімпазды анықтау арнайы компьютерлік бағдарламаның (рандомайзердің) көмегімен қатысушының бірегей ID кездейсоқ анықтау жолымен жүзеге асырылады. Жеңімпаздарды анықтаған жағдайда Акцияның Ұйымдастырушысы әр ай сайынғы жүлде үшін негізгі және резервті жеңімпаздарды таңдайды.
5.4. Даты розыгрышей:
Тіркеу кезеңі |
Ұтыстың күні |
Сыйлықтар |
01.04.2023 - 30.04.2023 |
16.05.2024 |
1. MWO BESPOKE MW5000T 23 л |
|
|
2. Ultra Slim soundbar S800B |
|
|
3. Crystal UHD 4K 43 |
|
|
4. Galaxy S23 5G 256GB |
|
|
5. Galaxy Watch6 (40mm) |
|
|
6. MWO BESPOKE MW5000T 30 л |
|
|
7. Galaxy Buds FE white |
01.05.2023 - 31.05.2023 |
20.06.2024 |
1. MWO BESPOKE MW5000T 23 л |
|
|
2. VC Stick Jet 75E Complete |
|
|
3. SC8836 контейнері бар шаңсорғыш |
|
|
4. Crystal UHD 4K 43 |
|
|
5. Galaxy A54 5G 128GB |
|
|
6. Galaxy Watch6 (44mm) |
|
|
7. Galaxy A25 5G 128GB |
|
|
8. QLED 4K |
|
|
9. Ultra Slim soundbar S800B |
|
|
10. MWO Muse 3 Solo 23 л |
01.06.2023 - 30.06.2023 |
25.07.2024 |
1. MWO BESPOKE MW5000T 23 л |
|
|
2. Odyssey G5 32” ойын мониторы |
|
|
3. Jet 85 Complete |
|
|
4. Crystal UHD 4K 50 |
|
|
5. Galaxy Buds FE white |
|
|
6. Galaxy Z Flip5 5G 256GB |
|
|
7. Galaxy Watch6 (44mm) |
|
|
8. Galaxy S24 5G 128GB |
|
|
9. Ultra Slim soundbar S800B |
|
|
10. SC8836 контейнері бар шаңсорғыш |
|
|
11. Odyssey G5 32” ойын мониторы |
|
|
12. Galaxy A54 5G 128GB |
01.07.2023 - 31.07.2023 |
22.08.2024 |
1. MWO BESPOKE MW5000T 30 л |
|
|
2. MWO Muse 3 Solo 23 л |
|
|
3. VC Stick JET 60 Turbo |
|
|
4. Galaxy Tab A9 8.7" 128GB |
|
|
5. Galaxy Watch6 Classic (47mm) |
|
|
6. VC Stick Jet 75E Complete |
|
|
7. SC8836 контейнері бар шаңсорғыш |
|
|
8. Crystal UHD 4K 43 |
|
|
9. Galaxy A25 5G 128GB |
|
|
10. Ultra Slim soundbar S800B |
|
|
11. SC8836 контейнері бар шаңсорғыш |
01.08.2023 - 31.08.2023 |
19.09.2024 |
1. Galaxy Watch6 (40mm) |
|
|
2. Galaxy A25 5G 128GB |
|
|
3. Galaxy Z Flip5 5G 256GB |
|
|
4. Galaxy S23 5G 128GB |
|
|
5. Crystal UHD 4K 50 |
|
|
6. QLED 4K |
|
|
7. Crystal UHD 4K 43 |
|
|
8. Ultra Slim soundbar S800B |
|
|
9. MWO Muse 3 Solo 23 л |
|
|
10. MWO BESPOKE MW5000T 30 л |
5.5. Ай сайынғы сыйлықтар ұтыстарының кестесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген демалыс және мерекелік күндерді, сондай-ақ Акцияның Ұйымдастырушысының қалауын ескере отырып түзетілуі мүмкін.
5.6. Ай сайынғы сыйлықтардың иегерлерін анықтағаннан кейін Акцияның Ұйымдастырушысы тіркеу кезінде көрсетілген ұялы байланыс операторының абоненттік нөміріне қоңырау шалу арқылы жеңіске жеткен Акцияның Қатысушыларын хабардар етеді. Егер Акцияның Ұйымдастырушысы жеңімпазбен, осындай жеңімпаз анықталған сәттен бастап 48 (қырық сегіз) сағат ішінде, байланыса алмаса, аталған тұлға тиісті сыйлықты алу құқығынан айырылады және Акцияның Ұйымдастырушысы сыйлықты беру үшін резервті жеңімпазбен байланысады. Егер Акцияның Ұйымдастырушысы жоғарыда көрсетілген мерзім ішінде резервті жеңімпазбен байланыса алмаса, онда осындай жеңімпаз тиісті сыйлықты алу құқығынан айырылады және Акцияның Ұйымдастырушысы осындай сыйлықты өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы.
5.7. Акцияның бір Қатысушысы Акцияның өту кезеңінде тек 1 (бір) сыйлықты ала алады;
5.8. Акция жеңімпаздарының толық тізімі сайтта 2024 жылдың 23 қыркүйегінен (бұдан әрі – Акцияның өткізу нәтижелері жарияланған күн) кешіктірмей орналастырылатын болады.
5.9. Сыйлықтың нақты түсі қоймада бар болуына тәуелді және Акцияның ресми сайтындағы кескіннен өзгеше болуы мүмкін;
5.10. Сыйлықты жеткізу Тапсырыс расталған және ол Онлайн-дүкенде төленген күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады. Жеткізу Ұйымдастырушының есебінен жүзеге асырылады. Егер курьер немесе өзге тұлғалар Сыйлықты қалаға жеткізгені үшін қандай да бір ақыны, салықтарды немесе өзге төлемдерді төлеуді талап етсе, өтінеміз, осындай төлемдерді жасамай бірден Ұйымдастырушымен байланысыңыз. Ұйымдастырушымен осы Ережелердің төменгі жағында көрсетілген нөмірлер бойынша, сондай-ақ Ұйымдастырушының әлеуметтік желілердегі ресми беттері арқылы байланысуға болады;
5.11. Сыйлықтардың саны шектеулі. Сыйлықтарды ақшалай қаражатқа немесе өзге тауарларға алмастыруға тыйым салынған. Акцияның Қатысушысы Сыйлықты алудан бас тартуға құқылы, алайда осы жағдайда Қатысушыға қандай да бір ақшалай қаражатты/өтемақыны төлеу жүргізілмейді.
5.12. Акцияны өткізу кезеңінде қандай да бір себептермен тапсырылмаған Сыйлықтар, соның ішінде Акция Қатысушының бас тартуы, алынған промокодты/кодты белсенді етпеу, не болмаса электронды пошта мекенжайын қате көрсету салдарынан Акция Қатысушысына жеткізілмеген Сыйлықтар талап етілмеген болып танылады. Ұйымдастырушы талап етілмеген Сыйлықтарды сақтамайды және өз қалауы бойынша қолдана алады.
5.13. Ережелер талап етілмеген Сыйлықтарды сақтау және осы Ережелерде көрсетілген мерзімдер аяқталғаннан кейін оларды талап ету мүмкіндігін қарастырмайды.
5.14. Акцияға Қатысушы Сыйлықты алған сәттен бастап, оның кездейсоқ сынып кетуі және/немесе зақымдануы үшін тәуекелді өз басымен көтереді.
5.15. Тауар қайтарылған жағдайда, Сыйлық та қайтаруға жатады. Қайтару және алмастыру Акцияның Сайтындағы Ұйымдастырушының Жария шартына сәйкес реттеледі.
5.16. Қатысушы осы Ережелермен көзделген барлық шарттарды орындаған жағдайда, Сыйлықты алу үшін жеңіс туралы хабарламаны алған күннен бастап 2 күнтізбелік күннен кешіктірмей Акцияның Ұйымдастырушысына міндетті түрде жеке тұлғасын растау үшін ЖСН-ді (1) және Сыйлықты жеткізудің мекен-жайын (2) ұсынуы тиіс.
5.17. Акцияның Ұйымдастырушысы Қатысушыдан деректерді алғаннан кейін оның Акцияның шарттарына сәйкестігін тексереді, сөйтіп келесі ақпаратты:
- Қатысушының есімі тіркеу кезінде көрсетілген деректерге сәйкестігін;
- Қатысушының Қазақстан Республикасының азаматы немесе Қазақстан Республикасына тұруға ықтиярхаты бар шет ел азаматы болып табылатындығын;
- Қатысушының Акцияға қатысқан сәтте 18 жасқа толғандығын;
- Акцияның Ұйымдастырушысының сауалы бойынша Акциялық тауардың позициясы көрсетілген кассалық чектің болуын тексереді.
5.18. Курьерлік қызмет Сыйлықтарды 2024 жылдың 11 қазанына дейін алынған деректерге сәйкес есікке дейін жеткізіп береді. Сыйлықты алған кезде:
- Жеңімпаздың жеке тұлғасын растау үшін жеке куәліктің түпнұсқасын ұсыну,
- Жеткізу парағын/қордағыны беру туралы жүкқұжатты толтыру және қол қою;
- Фотосурет/бейне түсіру туралы келісімге қол қою;
- қолындағы Сыйлықпен фотосурет/бейне түсіру.
5.19. Қатысушы келесі жағдайларда Акцияға қатысу құқығынан айырылады және Сыйлықты алуға үміткер бола алмайды:
˗ Акцияның қандай да бір шарттарын бұзғанда;
˗ Қатысушы сенімсіз/қате деректерді ұсынғанда;
˗ Ұйымдастырушы/Серіктес Қатысушымен ол көрсеткен байланыс деректері бойынша 48 сағат ішінде байланыса алмағанда;
˗ алаяқтық немесе өзге заңға қайшы іс-әрекеттерді орындау фактілері анықталған жағдайда;
˗ жоғарыда көрсетілген құжаттарды ұсынудан бас тартқанда;
6. Акцияға Қатысушының құқықтары мен міндеттері
6.1. Акцияға Қатысушының құқықтары:
˗ Осы Ережелермен танысу;
˗ Осы Ережелерде анықталған тәртіпте Акцияға қатысу;
˗ Акцияның мерзімдері және өту шарттары туралы ақпаратты жария ресурстардан және Акция Сайтының байланыс арналарынан алу;
˗ Акцияның сайтында осы Ережелерге өзгерістердің енгізілуі туралы ақпаратты алу;
˗ Акцияның Ұйымдастырушысы туралы мәліметтерді алу;
˗ Осы Ережелерге сәйкес оларды сақтаған жағдайда Сыйлық алу;
6.2. Акцияға Қатысушының міндеттері:
˗ Ережелерді сақтау, с.і. осы Ережелерде белгіленген мерзімде Акцияға қатысуға байланысты барлық іс-әрекеттерді орындау;
˗ Акцияға қатысуға байланысты барлық шығындарды, соның ішінде (бірақ шектелмей) Интернет, телефон шығындарын және тағы басқаларды өз бетімен көтеру;
˗ Осы Ережелерде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған басқа да міндеттерді орындау.
7. Акцияны Ұйымдастырушының құқықтары мен міндеттері
7.1. Ұйымдастырушының құқықтары:
˗ Акция Ережелерінің ресми бетінде тиісті хабарламаны жариялау жолымен Қатысушыны алдын ала хабардар етіп, Акцияны өткізу кезеңінде осы Ережелерді бір жақты тәртіпте өзгерту. Тиісті ақпарат Акцияның Сайтында жарияланған күн немесе шарттар өзгерген кезде көрсетілген қосымша күн хабардар ету күні болып табылады. Қатысушы көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда, Акцияға қатысудан бас тарту жолымен өзгертулерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күннен кейін Акцияға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістерге келіскендігі ретінде қарастырылады;.
˗ Осы Ережелермен көзделген жағдайларда Қатысушылардан қажетті ақпаратты және құжаттарды, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ұсыну үшін өзге де құжаттарды сұрастыру;
˗ Ұйымдастырушы осы Акцияның Ережелерімен және қолданыстағы ҚР заңнамасымен көзделген барлық құқықтарды пайдаланады;
˗ Ережелердің 4.1. тармағында көрсетілген барлық шарттарды дұрыс және толық көлемде орындамаған Акцияның Қатысушысына Сыйлықты беруден бас тарту;
˗ Акцияға Қатысушының осы Ережелерді сақтамауының фактісі анықталған жағдайда Акцияға Қатысушыға Сыйлықты беруден бас тарту.
7.2. Ұйымдастырушының міндеттері:
˗ Ережелерді сақтау, Ережелерде белгіленген мерзімдерде Акцияны өткізуге байланысты барлық іс-әрекеттерді орындау;
˗ Акцияның Ережелерге сәйкес өткізілуін қамтамасыз ету;
˗ Акцияға Қатысушыларды Акцияның Ережелерін Акцияның Сайтында орналастыру және таңдалған байланыс арналары арқылы оны өткізу Ережелері туралы хабардар етуді қамтамасыз ету;
˗ тармағына сәйкес Ережелердің барлық шарттарын дұрыс орындаған барлық Акцияға Қатысушыларға Акцияның Сыйлықтарын беру.
8. Өзге шарттар:
8.1. Қатысушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында, сондай-ақ осы Ережелерде белгіленген құқықтар мен міндеттерді иеленеді.
8.2. Серіктестер Тауарларға бағаларды өз бетімен белгілейді.
8.3. Сыйлықтардың саны шектеулі және Ұйымдастырушы бір жақты тәртіпте Акцияға тіркеуді аяқтау құқығын иеленеді.
8.4. Акцияға қатысатын Тауарды (соның ішінде жиынтықтағы Тауарды) қайтарған жағдайда, жиынтықтағы Тауар да, Сыйлық та қайтарылуы тиіс. Қатысушы жиынтықтан екінші Тауарды/Сыйлықты қайтарудан бас тартқан жағдайда, Ұйымдастырушы осындай қайтаруды жүзеге асырмауға құқылы. Қайтару және алмастыру Акцияның ресми сату нүктелері белгілеген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады;
8.5. Акцияның барлық Қатысушылары Акцияға қатыса отырып, Акция Ережелерімен келіседі, оларды сақтауға және орындауға міндеттенеді. Егер Қатысушы Акцияның ережелерін бұзса немесе Сыйлықты алу үшін айлакерлік және/немесе алдау іс-әрекеттерін орындаған болса, ол оны алу құқығынан айырылады.
8.6. Қатысушы Акцияға қатыса отырып, өзінің осы Ережелермен сөзсіз келіскенін білдіреді. Қатысушының Ережелерді сақтаудан толығымен және/немесе ішінара бас тартуы, Қатысушының Акцияға қатысудан бас тартуы болып танылады.
8.7. Акция байқау, лотерея немесе тәуекелге негізделген басқа да құмар ойын болып табылмайды.
8.8. Пікір алу мақсатында Ұйымдастырушының Қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімі Қатысушыға қоңырау шалуы мүмкін. Қатысушы өз пікірін ұсынудан бас тартуға құқылы.
8.9. Акцияны орындау барысында, Ұйымдастырушы Қатысушыны растау мен сәйкестендіру үшін Қатысушыдан оның жеке куәлігін талап етуі мүмкін.
8.10. Қатысушы Ұйымдастырушыға үшінші тұлғалардың дербес деректерін ұсынуға, сондай-ақ басқа да кез келген ақпаратты заңға қайшы мақсаттарда немесе Акцияға байланысты болмайтын өзге де мақсаттарда табыстауға міндеттенбейді.
8.11. Ұйымдастырушының Акцияны өткізудің Ережелеріне сәйкес Акцияны өткізуге байланысты барлық сұрақтар бойынша қабылдаған шешімдері түпкілікті болып танылады.
8.12. Акцияның Ұйымдастырушысы телекоммуникациялық және энергетикалық желілердің, зиянды бағдарламалардың және Ұйымдастырушының бағдарламалық және/немесе аппараттық кешеніне (Интернет-ресурсына) рұқсатсыз ену және/немесе оны істен шығаруға бағытталған үшінші тұлғалардың қасақана іс-әрекеті салдарынан өз міндеттерін орындамағаны немесе тиісті түрде атқармағаны үшін жауапкершілік көтермейді.
8.13. Ұйымдастырушы Акция шеңберінде өзіне жүктелген міндеттерін орындау үшін үшінші тұлғаларды тартуға құқылы.
8.14. Егер кез келген уақытта Ұйымдастырушы ойға қонымды және заңды негізде Қатысушының қатысудан шектелгенін анықтаса, қатысу талаптарына сай келмесе, осы Ережелерді бұзса немесе Ұйымдастырушы оның мінез-құлқын біреуді масқаралайтын, қонымсыз, қауіп төндіретін, заңсыз немесе қорлауға, теріс пайдалануға, қатерге тігу немесе кемсітуге бағытталған деп есептесе, онда Ұйымдастырушы осындай Қатысушыны қатыстырмауға құқылы және осындай қатысудан шектетілген Қатысушының қандай да бір жерде хабарланса, бейнеленсе немесе жарияланса да, Ұйымдастырушы оны қатысудан шектету құқығын өзіне қалдырады.
8.15. Осы Ережелердің кез келген талабының жарамсыздығы немесе оны орындау мүмкін болмағаны басқа талаптардың растығына немесе оларды орындауға әсер етпейді. Егер қандай да бір талап жарамсыз немесе өзгеше орындалмайтын болып танылса, не заңға қайшы келсе, онда қалғандары осы Ережелердің қолданысын жалғастырады және осында жарамсыз немесе заңға қайшы талап болмағандай бекітілген талаптарға сәйкес түсіндіріледі.
8.16. Егер кез келген тұлға жалған ақпаратты ұсынып, заңға қарсы құралдар арқылы қатысса немесе өзге жолмен оның сыйлық алу үшін осы Ережелерді бұзғаны танылса, Ұйымдастырушы осындай тұлғаны қатысудан шектетіп, келтірілген шығынды өтеуін талап етуге құқылы.
8.17. Осы интернет-сайт және оның мазмұны тек ақпараттық сипатта берілген және ешбір жағдайда ҚР Азаматтық кодексінің 395 бабында белгіленген тармақтармен анықталатын жария оферта болып табылмайды. Құрылғылардың саны шектеулі. Құрылғының нақты түсі өзгеше болуы мүмкін және барлық кескіндер анықтама үшін берілген.
Акцияға қатысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша төменде көрсетілген Ұйымдастырушының байланыс телефондары бойынша хабарласа аласыз:
Ұйымдастырушы колл-орталығының байланыс телефондары:
7700 – Қазақстанның кез келген ұялы операторынан қонырау шалу тегін.