“SAMSUNG PAY: Сатып ал да - Жеңіп ал!” ЖАРНАМАЛЫҚ НАУҚАНЫНА ҚАТЫСУ ҚАҒИДАЛАРЫ

“SAMSUNG PAY: Сатып ал да - Жеңіп ал!”жарнамалық науқанына («Науқан») қатысудың қағидалары «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС («Ұйымдастырушы») және Науқанның қатысушысы арасындағы келісімі болып табылады. Қатысушы Науқанға қатыса отырып, https://www.samsung.com/kz_ru/apps/mobile/samsungpay/ сайтында орналасқан («Науқан сайты») Науқанға қатысу қағидаларымен келіседі («Қағидалар»).

1. Жалпы ережелер

1.1. Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050059, Әл-Фараби д-лы, 36 үй, «АФД» бизнес орталығы , Б блогы, 3-4 қабаттар мекенжайында орналасқан «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС.

1.2. Науқан өткізілетін мерзімі: 2021 жылдың 01 сәүрі – 15 мамырға дейін.

1.3. Науқан өткізілетін аумағы: Қазақстан Республикасының аумағы;

1.4. Науқанның ресми әріптестері («Әріптестер):

  • «Қазақстан Халық Банкі» АҚ
  • "Банк ЦентрКредит" АҚ
  • "Еуразиялық банк" АҚ
  • «ForteBank» АҚ
  • «Хоум Кредит Банк» АҚ
  • "Сбербанк" ЕБ АҚ
  • "АТФБанк" АҚ
  • «Альфа-Банк» ЕБ АҚ
  • АО «First Heartland Jýsan Bank» АҚ
  • «ALTYN BANK» (China Citic Bank Corporation Ltd ЕБ) АҚ

2. Науқанның қатысушысы

2.1. Науқанға тек қана осы Қағидалардың барлық шарттарын орындаған Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, оның ішінде Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын 18 жасқа толған, қабілетті жеке тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтары қатыса алады («Қатысушы»).

2.2. Қатысушы Науқанға қатыса отырып, Науқан өткізуді бақылау, оның шарттарын орындау, жарнамалық, маркетингтік және жаңалықтар материалдарын тарату, сонымен қатар маркетингтік мақсатында басқа түрде тікелей байланысу үшін кез келген ақпаратты (оның ішінде Бағдарламада/тіркелу кезінде және басқаша түрде пайдаланатын) ақпаратты және де жеке деректер болып табылатын ақпаратты, сондай-ақ орналасқан қаласы, толық аты-жөні, жеке басты куәландыратын құжаттар (жеке куәлігі немесе шетел азаматының тұруға ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық поштасының мекенжайы, тұрғылықты мекенжай сияқты жеке деректерін Ұйымдастырушыға және онымен өкілеттіктер берілген үшінші тұлғаларға жинауға, сақтауға, табыстауға, оның ішінде шекараарлық нысанында жинауға, сақтауға, табыстауға өз келісімін береді. Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына жету үшін қажетті табысталған деректердің барлық түрлеріне оның ішінде, бірақ осымен шектелмей: қабылдауға, жазуға, сақтауға, нақтылауға, пайдалануға, табыстауға (оның ішінде қолданыстағы заңнамасына сәйкес шекараарлық табыстауға), жоюға, жойдыруға, оның ішінде Ұйымдастырушының уәкілетті тұлғаларымен/басқа уәкілетті тұлғаларымен/үшінші тұлғалармен, таралады. Келісім осындай деректер Ұйымдастырушыға қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпте табысталған сәттен бастап және осы келісім қайтарып алынған сәтке дейін қолданыста болады.

3. Науқанның шарттары

3.1. Осы Қағидаларға сәйкес Қатысушы осы Қағидаларда қарастырылған барлық шарттарын орындаған және «SAMSUNG Pay» бағдарламасын («Бағдарлама») пайдаланып, Ұйымдастырушының Ресми серіктестерінің банк карталарымен төлемдері жасаған кезінде құнды сыйлықтардың ұтысы ойынына қатыса алады.

4. Науқанға қатысу шарттары:

4.1. Науқанға қатысу үшін Қатысушы келесі іс-әрекеттерді жасауы тиіс:

4.1.1. Қазақстан Республикасындағы SAMSUNG тауарларының ресми дистрибьюторынан сатып алынған SAMSUNG Galaxy смартфонында «SAMSUNG Pay» орнатылған бағдарламасы («Бағдарлама») бар болуы тиіс. Бағдарламаға Серіктестердің тізімінен кем дегенде бір белсенді банк картасы қосылуы тиіс, осымен бірге Науқанға қатысу үшін корпоративтік банк карталарын пайдалануға болмайды.

4.1.2. Телефон арқылы Науқанға тіркелу үшін Бағдарламадағы Науқандар/купондар бөліміне немесе Қолданба бас бетінің жоғары бөлігіндегі тиісті баннерді басып алып кіріңіз. Тіркеу жекелеп және тіркеу деректерін үшінші тұлғаларға табыстаусыз жүргізілуі тиіс. 

4.1.3. Науқанның Шарттарын қабылдап және барлық қажетті ақпаратты (Аты-жөнін, телефон нөмірін, электрондық мекенжайын) ұсынып, Бағдарламадағы сілтеме арқылы Науқанның Ережелерімен танысыңыз Науқанға қатысыңыз.

4.1.4. Бағдарламадағы «Мәртебені тексеру» түймесін басып алып, өз мәртебеңізді тексеріңіз.

4.1.5 Науқан өткізілетін кезде Бағдарлама арқылы кем дегенде 20 төлемді (транзакцияны) жасаңыз. Осы Қағидаларға сәйкес, Науқан өткізілетін мерзімінен кейін және/немесе тіркеусіз жасалған төлемдер есептелмейді. Науқанға қатысу үшін Қатысушының әрбір 20 транзакциясы есептеледі, осымен бірге қорытынды шығарылатын кезінде 20 еселі транзакциялар саны есептеледі. Егер транзакциялар саны 20 еселі болып табылмайтын болса, осындай тиісті қалдықтар есептелмейді. Осылайша, 20 еселі санынан астам транзакциялар жасалуы қатысушының жеңімпаз болуы мүмкіндігін арттырады, бірақ жеңіп алудың кепілі болып табылмайды;

4.1.6. Осы Науқанның мақсаттары үшін төлемдер (транзакциялар) саны 30 минут ішінде 1 (бірден) астам емес төлем (транзакция) қағидаты бойынша есептеледі, яғни алдыңғы төлем (транзакция) кемінде 30 минуттан кейін кешіктірілмей жасалған соңғы төлем (транзакция) есептеледі (яғни 30 минут ішінде 2 немесе одан астам төлем (транзакция) жасалатын жағдайда тек қана бір төлем (транзакция) есептеледі).

4.1.7. Науқанның мақсаттары үшін кез келген себептерден болдырмаған транзакциялар есептелмейді.

4.1.8. Жеңімпаздар Науқан жүргізілетін мерзімінде жасалған төлемдер (транзакциялар) санына байланысты анықталады.

4.1.9. Науқанның бірнеше Қатысушысында төлемдердің (транзакциялардың) тең саны болған кезінде рейтинг осындай нәтижеге жеткен уақыты бойынша беріледі: Қатысушы осындай санға неғұрлым ертерек жеткен болса, солғұрлым оның рейтингі жоғарырақ болады.     

4.1.10. Өткізілетін Науқанның қорытындылары 2021 жылдың 30 мамырдан кешіктірілмей Науқанның Сайтында жарияланады.

5. Сыйлықтар:

5.1. Науқан бойынша сыйлықтар SAMSUNG тауар таңбасындағы келесі тауарлары болып табылады («Сыйлық»):

  • SAMSUNG Galaxy S21 Ultra смартфоны – 1 дана;
  • SAMSUNG Galaxy S20 FE смартфоны – 5 дана;
  • SAMSUNG Galaxy A20S смартфоны – 5 дана.

5.2. Жеңімпазды анықтау тәртібі:

  • Абсолюттік көріністегі транзакциялардың ең көп санын жасаған Қатысушы SAMSUNG Galaxy S21 Ultra иеленушісі болып қалады.
  • Қалған модельдер Науқан өткізілетін мерзімде әрбір қатысушы жасаған әрбір 20 транзакцияны есепке ала отырып, кездейсоқ іріктеу әдісімен ойнатылады.

5.3. Сыйлық жеңімпаздар жарияланғаннан кейін 30 жұмыс күні ішінде жеткізіледі. Сыйлық Жеңімпаздан ешқандай сомаларды алусыз Ұйымдастырушының есебінен жеткізіледі. Егер курьер немесе басқа тұлғалар жеткізу үшін төлеуді талап ететін болса, осындай төлемдерді төлемеңіз және Ұйымдастырушыға шұғыл хабарласыңыз. Жеткізу смартфондарды/басқа тауарларды баптау немесе қосу бойынша қандай болса жұмыстарды/қызметтерді қамтымайды.

5.4. Ұйымдастырушы Сыйлықты қабылдау/жеткізу үдерісін келісу үшін әрбір Қатысушымен алдын ала байланыстырылады. 

5.5. Сыйлықты алу үшін Қатысушы:

(і) Жеке куәліктің / тұруға ықтиярхаттың көшірмесін ұсынуы;

Жеке куәліктегі / тұруға ықтиярхаттағы деректер қатысу нысанында тіркелген кезінде көрсетілген деректеріне сәйкес келуі тиіс. Сыйлық қабылдауға құқығы үшінші тұлғаларға берілмейді.

(іі) Сыйлықты қабылдау-тапсыру актісін толтыруы және қолын қоюы;

(ііі) фото/бейне түсірілімге Келісіміне қолын қоюы;

(іv) Сыйлықты қолында ұстап тұрып, суретке түсуі тиіс.

5.6. Қатысушы:

(і) Науқанның кез келген шарттарын бұзған;

(іі) тіркеу шарттарын бұзған (оның ішінде анық емес деректерді ұсынған, бірнеше аккаунтпен тіркеліп қатысқан және т.б.);

(ііі) Қатысушымен байланыстырылу үшін анық емес/дұрыс емес деректерді ұсынған;

(iv) Ұйымдастырушыда 30 күнтізбелік күн ішінде Қатысушы көрсеткен байланыс деректер бойынша байланыстырылуға мүмкіндігі болмаған;

(v) алаяқтық фактілері немесе басқа құқыққа қайшы әрекеттер анықталған;

(vі) Бөтен тұлғаның банк картасын және/немесе Телефонын пайдаланған;

(vіі) тіркеу деректерін үшінші тұлғаларға берген;

(vііі) жоғарыдағы 5.5-тармағында көрсетілген ақпаратты / құжаттарды ұсынудан басын тартқан жағдайда Науқанға қатысу құқығынан айырылады және Сыйлықты алуға үміткер болуға құқылы емес.

5.7. Әрбір Қатысушы Науқанның шеңберінде 1 (бірден) астам емес Сыйлықты алуы мүмкін. 

5.8. Ұйымдастырушы ешқандай жағдайда Сыйлықты ақша сомасындағы баламасына ауыстыруға және/немесе тиісті Тауарды басқа тауарға ауыстыруға құқылы емес. 

5.9. Сыйлық қабылдауға байланысты туындайтын салықтарды және басқа міндетті төлемдерді ұйымдастырушы өз жеке шотынан дербес төлейді.

5.10. Осымен бірге Ұйымдастырушы Сыйлықтар санын дербес анықтауға, сондай-ақ өзгертуге құқығын өзіне қалдырады.

6. Басқасы

6.1. Науқанның барлық Қатысушылары Науқанға қатса отырып, оның Қағидаларымен келіседі де, оларды сақтауға және орындауға міндеттенеді. Егер Қатысушы Сыйлыққа ие болу үшін Науқанның қағидаларын бұзған немесе айлакерлік және/немесе алдау әрекеттерді жасаған болса, ол Сыйлыққа ие болу құқығынан айырылады;

6.2. Қатысушы Науқанға қатыса отырып, фото/бейне түсірлімді жүргізуге, оның кескіні/қатысуы бар тиісті фото/бейне материалдарын сақтауға, пайдалануға және Ұйымдастырушының Сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының/Әріптестің ресми беттерінде орналастыруға, сонымен қатар тиісті фото/бейне материалдарды бухгалтерлік және есептік мақсатында пайдалануға сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді;

 

6.3. Ұйымдастырушы Науқанның Сайтында немесе Бағдарламада тиісті хабарламаны орналастыру жолымен Қатысушыға алдын ала хабарлап, осы Қағидаларды біржақты тәртібінде өзгертуге құқылы.  Хабарланған күні тиісті ақпарат Науқанның Сайтында немесе Бағдарламада жарияланған күні немесе шарттар өзгертілген кезінде көрсетілген қосымша күні болып табылады. Қатысушы көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда, ол Науқанға қатысудан бас тарту жолымен өзгерістерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күн аяқталғаннан кейін Науқанға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістермен келісуін білдіреді.

6.4. Науқан конкурс, лотерея немесе тәуекелде негізделген басқа құмар ойын болып табылмайды.

6.5. Науқан шеңберінде қабылданған Сыйлыққа осындай типті тауарлар үшін арналған стандарттық кепілдік қолданыста болады.

6.6. Сыйлықтың нақты түсі қоймада тауардың болуына байланысты болады және Науқанның Сайтындағы кескінінен ерекшеленуі мүмкін.

6.7. Пікір алу мақсатында Ұйымдастырушының қызмет көрсету сапасын бақылау үшін Қатысушыға / жеңімпазға Сапа бөлімінен қоңырау шалуы мүмкін. Қатысушы / жеңімпаз өз пікірін ұсынудан бас тартуға құқылы.

 

Ұйымдастырушы байланыс-орталығының байланыс деректері:

­8-10-800-500-55-500 – Қазақстанның кез келген аймақтарынан тегін қоңырау шалу мүмкіндігі;

7799 – Қазақстанның кез келген ұялы операторынан тегін қоңырау шалу мүмкіндігі