«SAMSUNG ДИЗАЙНЕРЛЕРІ КЛУБЫ» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
«Samsung дизайнерлері клубы» («Жоба») жобасына қатысудың осы ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС («Ұйымдастырушы») және Жобаның қатысушысы арасындағы келісім болып табылады. Жобаға қатыса отырып, қатысушы Жобаға қатысудың осы ережелерімен («Ережелер») келіседі.
1. Жалпы ережелер
1.1. Ұйымдастырушы: «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA», «САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ» ЖШС, келесі мекенжай бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Алмалы ауданы, Желтоқсан көш.,115 ғ.,3-қабат
1.2. Жобаны өткізу кезеңі:2023 жылдың 13 сәуірінен бастап 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін;
2. Жобаның қатысушысы
· Жобаға 18 жасқа толған, интерьер дизайны мен архитектура саласында 1 жылдан аса жұмыс істейтін, әлеуметтік желідегі белсенді парақшасында 2000 астам жазылушысы бар, жазылушылардың қатысушылық коэффициенті (ER) 1 % асқан Қазақстан Республикасының азаматтары қатысушы («Қатысушы») бола алады;
3. Жобаға қатысу шарттары
3.1. Жобаға қатысу үшін Қатысушы келесі әрекеттерді орындауы керек:
o samsung.com/kz_ru/offer/designers-club сайтында жазылған Жобаның барлық шарттарымен танысу;
o samsung.com/kz_ru/offer/designers-club сайтында тіркелу процесінен өту және клубқа кіру формасын толтыру;
o Сәтті тіркелген жағдайда Қатысушы өзі ұсынған пошта мекенжайына нұсқаулықтар мен дербес промокоды бар электронды хат алады (тіркеу мақұлданбаған жағдайда сәйкес хат келеді);
o Жобаға қатысу үшін samsung.com/kz_ru/offer/designers-club сайтында 2022 жылдың қаңтарынан бастап 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін тіркелуге болады;
o Берілген промокод қатысушы атына тіркеледі;
o Жұмысты ыңғайлы орындау үшін Интерьер дизайнын әзірлеуде Samsung техникасының 3D-модельдерін сайттан жүктеп алуға болады.
3.2. Промокод https://www.samsung.com/kz_ru/ мекенжайындағы тек Samsung Kazakhstan ресми интернет-дүкенінде Samsung техникасын жеңілдікпен алуға мүмкіндік береді.
3.3. Промокод қолданғаннан кейін деактивацияланбайды. Промокод тіркелген сәттен бастап «Samsung дизайнерлері клубы» қатысушысының атына жазылады және шарттың мерзімі аяқталғанға дейін күшінде.
3.4. Клиенттер жеңілдікді пайдалана алуы үшін қатысушы промокодты олармен бөлісе алады.
3.5. Осы промокодты тауар сатып алуда әрбір қолдану Қатысушыға бонустар береді. Бонустар сатып алу аяқталғаннан кейін 15 күннен кейін есептеледі. Егер тауар 14 жұмыс күні ішінде қайтарылса, бұл тауар үшін бонустар есептелмейді.
3.6. Жасалған шарттың және жиналған бонустардың негізінде Қатысушылар айына бір рет ақшалай аударым алады.
3.7. Әрбір промокод әр тұрмыстық техникадағы тауар категориясының ішінен 5 (бес) бірлік техникаға дейін сатып алуға шектеуі бар. Әр ай сайын шектеу жаңарады. Егер сатып алу шектеуден асып кетсе, бұл сатып алу үшін бонус берілмейді.
Аудио және бейне техникаға бонустар есептелуіне келесі шектеулер бар:
Segment |
Product |
Model |
LifeStyle TV |
The Frame |
QE32LS03BBUXCE |
The Frame |
QE43LS03BAUXCE |
|
The Frame |
QE50LS03BAUXCE |
|
The Frame |
QE55LS03BAUXCE |
|
The Frame |
QE65LS03BAUXCE |
|
The Frame |
QE75LS03BAUXCE |
|
The Frame |
QE85LS03BAUXCE |
|
The Sero |
QE43LS05BAUXCE |
|
The Sero |
QE43LS05BBUXCE |
|
The Serif |
QE43LS01BAUXCE |
|
The Serif |
QE50LS01BAUXCE |
|
The Serif |
QE55LS01BAUXCE |
|
The Serif |
QE65LS01BAUXCE |
|
The Premiere |
SP-LSP7TUAXCE |
|
The Premiere |
SP-LSP9TUAXCE |
|
The Freestyle |
SP-LSP3BLAXCE |
|
Sound Device |
Ultra Slim (Black) |
HW-S800B/RU |
Ultra Slim (White) |
HW-S801B/RU |
3.8. Белгілі бір тауар категорияларына жеңілдіктер мен бонустардың көлемі өзгеруі мүмкін.
3.9. Акцияға қатысатын өнімдер Дизайнерлік клуб арнайы техникалық жалаушысымен белгіленген.
3.10. Промокод бойынша жеңілдік Samsung Kazakhstan ресми интернет-дүкендеріндегі қолжетімді ағымдағы жеңілдіктермен бірге жинақталады. Ұсынылатын жеңілдіктің мөлшерін промокод енгізілген сәтте себеттен көруге болады.
3.11. Бонустарды есептеу үшін Қатысушы Samsung компаниясынан промокодты қолдану туралы есеп алуға сұраныс бере алады.
3.12. «Samsung дизайнерлері клубы» жобасының қатысушысы промокодты жеке хатпен жолдау арқылы клиенттерімен бөлісе алады. Промокод Қатысушыға өзінің жұмыс жобаларында пайдалану үшін берілгендіктен қатысушы жеке промокодты БАҚ, мессенджерлер, әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында жариялауға және клиент болып табылмайтын жобаның мақсаттарына қатысы жоқ үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
3.13. Дизайнер тікелей бәсекелестің жарнамасына қатысуға, сондай-ақ Samsung компаниясының тікелей бәсекелесінің техникасын аудио-визуалды жарнамалауға құқығы жоқ.
4. Басқа
4.1. Жобаға қатыса отырып, сондай-ақ дербес деректер болып табылатын ақпаратты қоса алғанда, кез келген ақпаратты (соның ішінде Жоба сайтында) тіркеу кезінде және өзге жолмен ұсына отырып, Қатысушы, Ұйымдастырушыға және уәкілетті үшінші тұлғаларға Акцияның өткізілуін, оның шарттарының орындалуын, жарнамалық, маркетингілік және хабарламалық жіберілімдерді, сонымен қатар маркетингілік мақсатта басқа да контактілерді бақылау үшін жеке ақпаратты, соның ішінде трансшекаралық сақтауға және өңдеуге, келесі көлемде рұқсат береді: орналасқан қаласы, толық аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдік азаматтың жеке куәлігі немесе ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұратын мекенжайы. Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады. Соның ішінде Ұйымдастырушы/ басқа да уәкілетті тұлғалар/үшінші тұлғалар берілген ақпаратты алуды, жазуды, сақтауды, нақтылауды, пайдалануды, беруді (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруді) қосқанда жүзеге асыра алады және бұл мұнымен шектелмейді. Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады.
4.2. Ұйымдастырушы Қатысушыға Ұйымдастырушының келесі мекенжайдағы ресми сайтында алдын ала хабарлау арқылы осы Ережелерді біржақты өзгерте алады: samsung.com/kz_ru/offer/designers-club. Хабарлау күні жоғарыда айтылған мекенжайда көрсетілген күн немесе шарттар өзгерген жағдайда сайт бетінде көрсетілген қосымша күн болып табылады. Көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда Қатысушы Жобаға қатысудан бас тарту арқылы өзгерістерді қабылдаудан бас тарта алады. Аталған мерзімнен кейін Жобаға қатысуды жалғастыру Қатысушы енгізілен өзгерістерді қабылдағаны ретінде қарастырылады.
4.3. Жоба лотерея немесе басқа да тәуекелге негізделген құмар ойын болып табылмайды.
4.4. Қатысушылар Жобаға қатыса отырып, фото/бейне түсірлімді жүргізуге, оның суреті/қатысуы бар тиісті фото/бейне материалдарын сақтауға, пайдалануға және Ұйымдастырушының Сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының/Серіктестің ресми беттерінде орналастыруға келісімін береді;
4.5. Қатысушыға кері байланыс алу үшін Ұйымдастырушының қызмет көрсету сапасын бақылау мақсатында Сапа бөлімінен қоңырау шалуы мүмкін. Қатысушы пікір білдіруден бас тарта алады.
Ұйымдастырушы колл-орталығының байланыс ақпараты:
8-800-080-0101 – Қазақстанның кез келген өңірінен қоңырау шалу тегін;
7799 – Қазақстанның кез келген ұялы операторынан қоңырау шалу тегін.