«SAMSUNG интернет-дүкенінің 3-жылдық құрметіне сыйлық» НАУҚАНЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Осы «Samsung интернет-дүкенінің 3 жылдығына арналған сыйлық» («Науқан») жарнамалық акциясына қатысу қағидалары «SAMSUNG Electronics Central EURASIA» ЖШС (Samsung Electronics Central Eurasia) («Ұйымдастырушы») мен акцияға қатысушы арасындағы келісім болып табылады. Науқанға қатысу ерікті болып табылады және науқанға қатысушылардың ресми интернет-дүкеннің сайтында келесі мекенжайлар бойынша: https://www.samsung.com/kz_kz/ («Науқан сайты») орналастырылған осы науқан өткізу қағидаларымен («Қағидалар») танысқандығын және сөзсіз келісетіндігін білдіреді.

1.            Жалпы талаптар

1.1.Ұйымдастырушы: «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» «САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ОРТАЛЫҚ ЕУРАЗИЯ» ЖШС, Қазақстан Республикасы,  Алматы қ, A05D7M5, Алмалы ауданы, Желтоқсан көшесі 115, 3 қабат мекенжайы бойынша орналасқан.

1.2.Науқанды өткізу кезеңі:  2024 жылғы 11 қарашадан бастап 1 желтоқсан бойынша  (қоса алғанда),  Алматы уақыты бойынша  23:59 сағатқа дейін;

1.3. Науқан қорытындыларын өткізу күні: 2024 жылғы 17 желтоқсан.   

Науқанды өткізу аумағы:Қазақстан Республикасы.

 

2.         Науқан  қатысушысы

2.1. Науқанға тек 18 жасқа толған, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы бар әрекетке қабілетті жеке тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар және осы Ережелердің барлық шарттарын өз күшімен және құралдарымен жеке өзі орындаған шетелдік азаматтар ғана («Қатысушы»)  қатыса алады.

2.2.Науқанға ұйымдастырушының, онымен үлестес тұлғалардың қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ акцияны ұйымдастыруға және өткізуге қатысқан басқа компаниялардың қызметкерлері қатыса алмайды.

2.3.Науқанға қатыса отырып, сондай-ақ тіркеу кезінде кез келген ақпаратты (оның ішінде Науқан Сайтында) және өзге де тәсілдермен, соның ішінде дербес деректер болып табылатын ақпаратты бере отырып, қатысушы өзінің дербес деректерін жинауға, сақтауға, беруге және өңдеуге, оның ішінде трансшекаралық түрде: орналасқан қаласы, толық Т.А.Ж., жеке басты куәландыратын құжаттың (жеке куәлік немесе шетелдіктің тұруға ықтиярхаты), телефон нөмірінің, электрондық пошта мекенжайының, тұрғылықты мекенжайының, ұйымдастырушының және ол уәкілеттік берген үшінші тұлғалардың, деректері, оның шарттарын, жарнамалық, маркетингтік және жаңалықтар таратылымдарын орындау, сондай-ақ маркетингтік мақсатта басқа да тікелей байланыстарды жүзеге асыруға өз келісімін береді. Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті, оның ішінде ұйымдастырушының уәкілетті тұлғаларына / өзге де уәкілетті тұлғаларға / үшінші тұлғаларға алу, жазу, сақтау, нақтылау, пайдалану, беру (оның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беру), өшіру, жоюды қоса алғанда, бірақ, шектелмей,  берілген мәліметтерді өңдеудің барлық түрлеріне таралады. Келісім осындай мәліметтерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және осы келісімді қайтарып алған сәтке дейін  қолданыстағы заңнамада орнатылған тәртіпте қолданылатын болады.

2.4.Науқанға қатыса отырып, Қатысушы Ұйымдастырушыға фото/видео түсірілім жүргізуге, оның бейнесі/ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ ұйымдастырушының әлеуметтік желілердегі ресми беттерінде, соның ішінде бухгалтерлік және есептілік, бірақ онымен шектелмей, сондай-ақ өзге де мақсаттарда, тиісті фото/видео материалдарды сақтауға, пайдалануға, орналастыруға сөзсіз және өтеусіз келісім береді.

3.         Науқанның сипаттамасы

3.1.Осы Ережелерге сәйкес Қатысушы, осы Ережедердің 4.1. т қарастырылған барлық талаптарды орындаған кезде, Ұйымдастырушыдан сыйлықты ұтып алу мүмкіндігіне ие.

4.         Науқанға қатысу талаптары:

4.1.Науқанға қатысу үшін Қатысушы келесі әрекеттерді орындауы керек:

˗ Науқан кезеңінде SAMSUNG сауда белгісімен Науқан веб-сайтында 80 000 теңгеден асатын сомаға тауарларды сатып алу;

˗ осы Ережелердің 5.2 тармағында көрсетілген Науқанға сәйкес сыйлықты алу.

 

5.      Жеңімпаздар және Сыйлықтарды тарату тәртібі

5.1. Осы Ережелердің 4.1 тармағына сәйкес Науқанның барлық шарттарын орындаған Қатысушы жеңімпаз болып табылады.

 5.2. Науқан сыйлығы болып табылады:

 

Сатып алу құны

Сыйлық

80 000 бастап 200 000 теңгеге дейін

 

Samsung Jet 60 Turbo VS15A6031R5/EV сымсыз тік шаңсорғышы

200 001 бастап 450 000 теңгеге дейін 

SP-LFF3CLAXXCE 2 буын проекторы 

450 001 бастап және одан аса 

 

Galaxy Z Fold6 5G 1TB SM-F956BAKNSKZ

5.3. Ұйымдастырушы Сыйлықтар санын дербес анықтау, сондай-ақ оны өзгерту құқығын өзіне қалдырады.

5.4. Сыйлықтың нақты түсі қоймадағы Тауардың бар болуына байланысты және Науқан сайтындағы немесе Ұйымдастырушының Instagram аккаунтындағы суреттен өзгеше болуы мүмкін.

5.5. Әрбір жеңімпаз осы акция аясында тек 1 (бір) Сыйлық алады.

5.6. Жеңімпазды Ұйымдастырушы Науқанның барлық шарттарын толық орындаған Қатысушыларды Жеңімпаздар тізіміне қосу арқылы анықтайды.

5.7. Ұйымдастырушы Қатысушыларға қосымша ұтыс ойынынсыз немесе хабарландырусыз Науқанды тоқтатуға құқылы.

5.8. Науқан нәтижелері Науқанның веб-сайтында 2024 жылдың 17 желтоқсанынан кешіктірмей жарияланады.

5.9. Сыйлықтарды қолма-қол ақшаға немесе басқа тауарларға айырбастауға болмайды. Науқанға Қатысушы Сыйлықты алудан бас тартуға құқылы және Қатысушыға ақша/өтемақы төленбейді.

5.10. Науқанды өткізу кезеңінде бір немесе басқа себептермен жеткізілмеген, соның ішінде Қатысушының бас тартуы немесе қате байланыс ақпаратын (жеткізу мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы және т. б) дұрыс көрсетілмеген жағдайда, сыйлықтар талап етілмеген болып саналады.

Талап етілмеген сыйлықтарды Ұйымдастырушы өз қалауы бойынша пайдаланады.

5.11. Қағидаларда талап етілмеген Сыйлықтарды сақтау және осы Қағидаларда көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін оларды талап ету мүмкіндігі қарастырылмаған.

5.12. Жеңімпаз Сыйлықты алған сәттен бастап оның кездейсоқ зақымдану қаупі ұйымдастырушыдан жеңімпазға өтеді.

5.13. Сыйлықты жеткізу Жеңімпаз жіберу үшін деректерді растаған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Жеткізу Ұйымдастырушының есебінен жүзеге асырылады. Егер курьер немесе басқа тұлғалар қалаға жеткізу, салықтарды төлеу немесе басқа төлемдер үшін қандай да бір төлемді талап етсе, мұндай төлемдерді жасамаңыз және дереу Ұйымдастырушыға хабарласыңыз. Ұйымдастырушымен төменде осы Ережеде көрсетілген телефондар бойынша, сондай-ақ Ұйымдастырушының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында хабарласуға болады.

5.14. Осы Ережеде көзделген Науқанның барлық шарттарын орындаған жағдайда Сыйлықты алу үшін Жеңімпаз Ұйымдастырушының талабы бойынша:

˗ Жеңімпаздың жеке басын растау үшін жеке басын куәландыратын құжатты / тұруға ықтиярхатты ұсыну, өйткені сыйлықты үшінші тұлғаларға беру Науқан ережелерін бұзу болып саналады және Жеңімпаз мәртебесінен айыруға негіз бола алады;

˗ Сыйлықты қабылдау және беру актісін толтыру және қол қою / немесе жеткізу парағын / үшінші тұлғаға жеткізуге арналған шот-фактураны толтыру және қол қою;

˗ Сыйлықты қолында  ұстап фотосуретке түсу/видеоға түсу.

 

5.15. Қатысушы Науқанға қатысу құқығынан айырылады және келесі жағдайларда Сыйлық алуға талап қоя алмайды:

˗ Науқанның кез келген шарттарын бұзу;

˗ сенімсіз/дұрыс емес деректерді ұсынғанда;

˗ Сыйлықты алу үшін алаяқтық әрекеті немесе басқа да заңсыз әрекеттер фактілері анықталғанда;

˗ осы Ережелердің 5.14 тармағында көрсетілген құжаттарды беруден бас тартқан жағдайда;

˗Ұйымдастырушының/Ұйымдастырушының өкілінің Қатысушы көрсеткен деректерге сәйкес нәтижелер жарияланған күннен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде, оның ішінде Instagram әлеуметтік желісінде жеке хабарлама қалдыруды (дайрект, директ, direct дайрект, директ, direct) қоса алғанда, Қатысушымен байланысуы мүмкін болмаған жағдайда ;

˗ Қатысушы 5.14 тармағында көрсетілген құжаттарды уақтылы ұсынбаған жағдайда. Қатысушыға хабарласқан күннен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде Қағидаларды бекітеді.

 

6.            Науқанға Қатысушының құқықтары мен міндеттері

6.1.        Науқанға қатысушының құқықтары

˗          осы ережелермен танысу;

˗           осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен Акцияға қатысу;

˗           ұйымдастырушының Instagram желісіндегі аккаунтында және акция сайтында акцияны өткізу мерзімі мен шарттары туралы ақпарат алу;

˗           ұйымдастырушының Instagram желісіндегі аккаунтында және науқан сайтында осы Ережелердің өзгеруі туралы ақпарат алу;

˗           акцияны ұйымдастырушы туралы мәлімет алу;

˗            олар сақталған жағдайда, осы Ережелерге сәйкес Сыйлықты алу.

 

6.2.        Науқанға Қатысушының міндеттері:

˗          ережелерді сақтау, оның ішінде осы Ережеде белгіленген мерзімде науқанға қатысуға байланысты барлық әрекеттерді орындау;

˗           науқанға қатысуға байланысты барлық шығыстарды, соның ішінде (бірақ онымен шектелмей) Интернет, телефон және т. б. үшін шығыстарды өз бетінше көтеруге;

˗           алдын ала тапсырыс беру кезінде енгізілген деректер, олардың дәлдігі, толықтығы және дұрыстығы үшін толық жауапты болу;

˗           осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттемелерді атқару.

 

7.Науқанды ұйымдастырушының құқықтары мен міндеттері

7.1.Ұйымдастырушының құқықтары:

˗ Науқанды өткізу кезеңінде Қатысушыларды Науқан ережелерінің ресми бетінде тиісті хабарламаны жариялау арқылы алдын ала хабардар ете отырып, осы Ережелерді біржақты тәртіпте өзгертуге. Хабарландыру күні Науқанның веб-сайтында тиісті ақпараттың жарияланған күні немесе шарттар өзгерген кезде көрсетілген қосымша күн болып табылады. Осы өзгерістермен келіспеген жағдайда Қатысушы Акцияға қатысудан бас тарту арқылы өзгерістерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күннен кейін Науқанға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістерге келісімі болып саналады;

˗ осы Қағидаларда көзделген жағдайларда Қатысушылардан қажетті ақпаратты және құжаттарды, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ұсыну үшін басқа да құжаттарды сұрату;

˗ Ұйымдастырушы осы Науқанды өткізу ережелерінде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген барлық құқықтарды пайдаланады;

˗ Ережелердің 4.1 тармағында көрсетілген барлық шарттарды толық орындамаған Акция Қатысушысына Сыйлық беруден бас тарту;

˗ Науқан Қатысушысының осы Ережелерді сақтамағаны анықталса, оған Сыйлық беруден бас тарту.

 

7.2. Ұйымдастырушының міндеттері:

˗ Ережелерді сақтауға, Ережеде белгіленген мерзімдерде Науқанға қатысты барлық әрекеттерді орындауға;

˗ Науқанның осы Ережеге сәйкес жүргізілуін қамтамасыз ету;

˗ Науқанға Қатысушыларды Акция ережелерін Науқанның веб-сайтында және таңдалған байланыс арналары арқылы орналастыру арқылы оны жүзеге асыру Ережелері туралы хабардар етуді қамтамасыз ету.

 

8. Басқа да шарттар:

8.1.Науқанның барлық қатысушылары оған қатыса отырып, науқан ережелерімен келіседі, оларды ұстануға және орындауға міндеттенеді. Егер Қатысушы науқан ережелерін бұзса немесе сыйлық алу үшін алаяқтық және/немесе алдау әрекетін жасаса, онда сыйлық алу құқығынан айырылады.

8.2.Науқанға қатыса отырып, қатысушы осы Қағидалармен өзінің сөзсіз келісімін білдіреді. Қатысушының қағидаларды толық және/немесе бөлігінде сақтаудан бас тартуы қатысушының науқанға қатысудан бас тартуы деп танылады.

8.3. Науқан байқау, лотерея немесе тәуекелге негізделген басқа құмар ойын болып табылмайды.

8.4. Ұйымдастырушының қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімі осы науқан аясында кері байланыс алу үшін Жеңімпаз көрсеткен байланыс телефонына қоңырау шалу арқылы Жеңімпазбен байланыса алады. Жеңімпаз түсініктеме беруден бас тартуға құқылы.

8.5. Науқанды өткізу кезінде Ұйымдастырушы Қатысушының жеке басын сәйкестендіру және растау үшін Қатысушыдан жеке басын куәландыратын құжатты талап ете алады.

8.6. Бұл интернет-сайт және оның мазмұны тек ақпараттық мақсаттарға арналған және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-бабының ережелерімен анықталғандай ешбір жағдайда ашық оферта болып табылмайды.

 

Науқанға қатысты кез келген сұрақтар бойынша Ұйымдастырушының төменде көрсетілген байланыс деректеріне хабарласыңыз:

Ұйымдастырушының байланыс орталығының байланыс деректері:

8-10-800-500-55-500 – Қазақстанның кез келген аймағынан қоңырау шалу тегін;

7700 – Қазақстанның кез келген ұялы байланыс операторынан қоңырау шалу тегін.