Изабелль Ченг фотосы / @allons.y
Мінсіз фуд-фотосуреттің сыры неде? Көп тәжірибе, шыдамдылық және жақсы камера. Фуд-стилистердің кейбір құпияларымен бөлісем және тамақты басқалардың тәбетіоянатындай етіп суретке түсіруді үйретем.
Фото Изабелль Ченг / @allons.y
Всё дело в атмосфере
Фуд-стилисті ретінде үйренген ең үлкен сабағым — фотосуреттерде адамдарды тек тамақ емес, сонымен қатар сіз жасаған атмосфера қызықтырады. Айналаңыздағымен ынталаныңыз. Фотосуретке көбірек әртүрлі элементтерді салу үшін кадрды әдемі ыдыспен немесе едендік тақтайшамен қанықтырыңыз. Бөлшектер кадрға өмір беріп, сурет көңіл-күйін орнатады.
@allons.y фотосы
Күңгірт түске арналған жарқын ойлар
Менің барлық фотосуреттерім жарық табиғи сәуледе жасалғандай көрінеді. Негізінде қараңғы бөлмелерде жиі түсіруіме тура келеді. Егер тамаша суреттен алыс болса, мені Galaxy Note8 смартфонымдағы кәсіби баптаулар құтқарады. Қос апертураның арқасында суреттер жарықтылыққа қарамастан жарқын және анық болады. Ал егер бөлмеде тым қараңғы болса, жарық сезгіштігін максимумға қойып, ақ балансын реттеймін.
@allons.y фотосы
Кадрға қозғалысты қосыңыз
Кадрға қозғалысты қосқан кезде фотосурет шынайылығын арттырасыз, қазір және дәл осы жерде болып жатқандай сезімге бөлейсіз.
Кадрда қолдардың болуы суретті тірілтеді: досыңыздан балқаймаққа үйеңкі шәрбат жағуын немесе кофеге қант себуін сұраңыз. Бұндай кездерде анық кадр түсіру оңай болмауы мүмкін, сонда мен бірден бірнеше сурет түсіретін сериялық түсіру (Burst Mode) режимін қолданам. Бұл режиммен фотосуреттегі қозғалыстар ешқашан шайылмайды.
«Кадрға қозғалыс қосудың ең үздік әдісі – қозғалу. Әрине тамақ қозғалмайды, алайда сіз қозғаласыз»
- Изабелль Ченг
@allons.y фотосы