Фотосүрет

Шабыттандыратын портрет арқылы
тамсанатын әйелге құрмет көрсетіңіз

Оның әсемдігін жеткізе алатын портретті қалай жасауға болады?

Керемет портрет суреттегі басты кейіпкеріңізге бар әлемді шабыттандыратындай кейіп сыйлайды. Сол себепті Халықаралық әйелдер күніне орай біз сіздермен Galaxy S21 Ultra смартфонын пайдаланып, фотопортреттер жасау туралы бірнеше негізгі кеңестермен бөліскіміз келеді. Осы мақаланы оқып шыққан соң, сіз сүйікті әйеліңіздің суретін ерекше өнер туындысына қалай айналдыруға болатындығын білесіз, кейін суретті жақтауға салып, сыйлық ретінде беруге немесе әлеуметтік желілерде бөлісуге болады.

1

Үлгі тұтатын батыр әйелді таңдаңыз

Біз Нью-Йорктегі сәнді фотограф Кристен Уолтерден (@kwaltherphoto) оны шабыттандыратын үш әйелдің портреттерін жасауды сұрадық. Ол бұл тапсырманы бірден қолға алып, былай деді: «Таңданатын адамды суретке түсіріп қана қоймай, оған бұл туралы айту керемет қой.» Айналадағы әйелдерге — достарға, әріптестерге және шынымен бағалайтын жай таныстарға мұқият қараңыз, мүмкін олардың арасында нағыз жұлдыздар бар шығар? Олардың қайсысы үлкен қошеметке лайық деп ойлайсыз?

Шитал, кәсіпкер әйел

«Шитал мені күш-қуатымен шабыттандырады», — дейді Кристен. «Ол этникалық мәдени кедергіні жеңіп қана қоймай, дәстүрлі ерлер саласына еніп, табысты іскер әйел болды.» Кристеннің бұл портреттің сүйікті бөлігі — Шинталдың ішкі жарығы мен күшінің қалай бейнеленгені. Бұл әсер оның көйлегінің түсімен және портреттік режиммен күшейтіледі (4 бұлыңғыр әсермен).

Дженнифер, медбике

Кристен екінші портреттің кейіпкеріне қарап: «Дженнифер — медбике-психолог, ол жарақат алған немесе ақыл-ойының дамуы тежелген балаларға көмектеседі», — дейді. «Бұл жұмыс өте қиын және ол күн сайын адамдарға қызмет етуге қуанышты және бар күш-жігерін соған арнайды.» Кристен бұл портретте Дженнифердің мейірімділігі пен күш-қуатының дәл бейнеленгенін ұнатады. «Мен оның стиліне тәнтімін, ол жарқын, ақылды және сонымен бірге өте көңілді.»

Кала, модель

«Мені Каланың сенімділігі және оның айналасындағыларға қуат беру қабілеті шабыттандырады.» — дейді Кристен. «Кала — плюс-сайз моделі, ол миллиондаған әйелге өз қалпында болуға көмектесетін архаикалық сән стереотиптерін бұзады.» Кристен Каланың суретіне қарап, «Оның күлімдеген жүзіне қарап, езу тартпау мүмкін емес», — деп таңданып отыр.

8K форматында видео түсіру
8K бейнесінен жоғары ажыратымдылықтағы суреттерді таңдаңыз.
2

Оның даралығын ерекшелеңіз

Сүйікті киім түрін пайдаланудан бастап, өзіне тән бет-әлпетін суретке түсіргенге дейін, «модельдің» даралығын ерекшелеудің көптеген жолдары бар. Кала портретіндегі қабырға Кариб теңізін еске түсіретін сүйікті Азур түсімен боялған. Дженнифердің портретінің артқы жағындағы кірпіш қабырға оның Нью-Йорк тұрғыны ретіндегі ұзақ тарихын көрсетеді. Портретке қосуға болатын жеке мәліметтер туралы ойланыңыз.

Жалпы алғанда, көңіл көтеретін, жанашырлықты тудыратын және көз жанарын алатын сәттерді суретке түсіру өте маңызды. Динамикалық позалар мен қозғалыстар суретті жандандыруға көмектеседі. Сондай-ақ, модельдің айналасында бос орынды сақтауды ұсынамыз: ол әрдайым өте әсерлі көрінеді және графиканы қосуды шешсеңіз, екі есе пайдалы болады.

Galaxy S21 смартфонының Портреттік режимінде нысанға назар аударту үшін артқы фонды жұмсақ әсермен бұлдыратуға болады. Қосымша басқару мүмкіндіктері қажет пе? Pro режимінде суреттің барлық аспектілерін, соның ішінде ысырма жылдамдығы мен экспозициясын теңшеуге болады. Осы сәттің шынайылығын ерекшелеу үшін, 8K Video Snap функциясын қолданыңыз. Бұл жоғары ажыратымдылықтағы кадрлардан тамаша суретті таңдауға мүмкіндік береді.

PENUP
Сандық өнер қолданбасында өнер туындыларын салыңыз, бояңыз және басқалармен бөлісіңіз.
3

Көрнекі қызығушылықты арттыру үшін жарқын графика қосыңыз

Егер сіз алынған портретке риза болсаңыз, ештеңені өзгертудің қажеті жоқ. Жарайсыз! Егер сіз әсерді күшейтуді шешсеңіз, Galaxy S21 құралдарының үлкен палитрасы сіз үшін қолжетімді.

4
4

Портретті бар әлеммен бөлісіңіз

Енді бұл жай сурет емес, нағыз өнер туындысы. Портретті қолданбаға орналастырыңыз, сонда басқалар оны бағалай алады және көшірмелерге тапсырыс бере алады — мүмкін үлкенірек және жақтауға салынған форматта. Сондай-ақ, сіз портретті сандық форматта сақтап, оны әлеуметтік желілерде бөлісе аласыз (әрине жағымды пікірлермен бірге). Модельді суретте белгілеп, өз жазылушыларыңызға мұндай адаммен таныс болудың өзі қандай бақыт екенін айтыңыз.

Портреттеріңізді келесі деңгейге көтеріңіз

Бірегей портреттік суреттерді жасау үшін қажеттінің барлығы.

Бұдан кейін мына оқиғаларды оқыңыз