Бренд

Дизайн – өмірдің бір бөлігі

Біздің инновацияларымыздың негізінде жатқан ережелер туралы біліңіз: арнайы мүмкіндіктерден бастап, бүгілетін смартфондарға дейін.

Біз барлық шығаратын өнімдерімізді мұқият ойластырамыз. Әр құрылғы, әр техникалық инновация өнімді жасап шығарудың бес қағидасына сүйенеді. Осының арқасында техникамызды пайдалану оңай бола тұра, ол ғаламшарға зиян келтірмей, жарқын болашақты қалыптастыруға үлес қосады. Біз техниканы осылай жасаймыз.

Жаңашыл дизайн

Барлық Samsung  құрылғылары: смартфондарымыздан бастап, Galaxy Buds Pro тыңдауыштарымызға дейін және электронды S Pen қаламы – мінсіз үйлесімділікпен ерекшеленіп, тынымсыз қозғалыстағы өмір үшін арналған. Дәл осы себептен бүктелетін революциялық смартфондарымыз ыңғайлы, шағын көлем мен экрандағыны толығымен сезіну әсерін сыйлайды. Сонымен қатар, қолданушыға Galaxy Z Flip-тағы Hideaway Hinge жасырылған топсасы сияқты, жаңа заманға сай қызметтерді ұсынады. Бұл жай ғана функционалды компонент қана емес, жоғары сапалы инновацияны көрсететін дәлдіктің, ыңғайлылық пен стилдің революциялық үйлесімділігі.

Ықшам дизайн

Samsung ұсынған One UI  интерфейсі басты мәселелерді назарда ұстайды: күрделіні жеңілдетеді; жаңа жетілдірілген қызметтер мен индивидуалды өзгертулер енгізудің шексіз мүмкіндіктерінің арқасында One UI интерфейсі – Samsung Galaxy құрылғыларына мінсіз бірлікте жұмыс істеу мүмкіндігі мен оны пайдалудың ерекше жағымды әсерін береді; икемді пішіні мен жақсартылған дара теңшеулер бірнеше Samsung құрылғыларын бірге пайдалануға мүмкіндік жасайды.

Шабыт оятатын дизайн

Кескін мысал ретінде келтірілген

Таңқаларлық кескіндерді түсіретін объектив – қозғалыс үстінде анық және бірқалыпты бейне түсіру мүмкіндігін сыйлайды. Керемет дизайн бойыңыздағы шығармашылық шабытты оятып, таңғажайып туындыларды жасауға ерік береді.

Қол созарлық дизайн

Samsung жасы, шығу тегі және мүмкіндіктері әр түрлі жандардың сұранысына құлақ түріп жұмыс істейді. Осылайша, бірге атқарылған жұмыс инклюзивтілікті басшылыққа алып, әр тұлғаның өмірін Samsung құрылғысы арқылы жеңілдетеді.

4

Экологиялық дизайн

4.03 миллион тонна
Samsung ² - тың қайда өндіру бағдарламасының арқасында дәл осынша электронды қалдық жинадық.

Керемет дизайн мүмкіндіктер шегін кеңейтеді. Біздің дизайнерлеріміз бен инженерлеріміз қаптама мен өндірістік материалдарды Samsung-ке қайтару үшін қоршаған ортаны қорғау мен энергияны тиімді қолдану қағидаларына сүйенумен қатар, кері логистиканы қолданады. Осылайша, қалдық саны мен көміртегінің ізі азаяды.

  • ¹Қазіргі уақытта пейзаждарды сипаттау режимі ағылшын (АҚШ), француз, неміс, итальян, кәріс, мандарин қытай, португал, орыс, испан (Испания) тілдерінде жұмыс істейді. Тext Reader - «аудару қызметінің» тілдеріне сәйкес келетін 54 тілде жұмыс істейді. Қолдана алатын тілдер тізімін көру үшін сілтемеге (https://help.content.samsung.com/csweb/faq/searchFaq.do) өтіңіз.
  • 2Дереккөз: Samsung Electronics тұрақты дамуы туралы 2020 жылғы есеп.

Жарқын дизайн.
Жарқын болашақ.

Пайдаланушылар, құрылғылар мен технологиялар арасындағы байланыс қарқынды және жемісті дамып келеді. Келешекте, достарымыз және отбасыларымызбен бұрын-соңды болмаған тәсілдермен тілдесе аламыз.

Тағы оқыңыз