Түс және қаріп

Түс және қаріп

Иммерсивті,
динамикалық,
ерекше

Иммерсивті,
динамикалық,
ерекше

Көк 1993 жылдан бері Samsung компаниясының иконалық түсі болып келеді. Ол технология мен инновация құндылықтарын білдіреді; ол иденттілігімізді анықтайтын Темірқазық болып табылады. Көк түс тұтынушыларымызда шексіз сенімділікті қалыптастыру үшін Samsung компаниясының барлық өнімдері мен хабарларында пайдаланылады.
Біз Samsung көк түсін қара, ақ түстермен әрі иллюстрациялық түстердің жарқын және динамикалық жиынтығымен біріктіреміз. Бұл түстер тұтынушыларға иммерсивті және динамикалық тәжірибе арқылы хикаямызды баяндайды.

Ерекше, бірақ әмбебап.

Біз әртүрлі мәдениеттердегі адамдармен өнімдер мен платформалардың шексіз спектрі арқылы байланысамыз. Сондықтан біз тұтынушыларымызбен Samsung компаниясын бірегей және бірден танылатын ететін тұрақтылықпен сөйлесеміз — Samsung қаріптері. Түсінікті, тегіс және заманауи қаріптеріміз тұтынушыларға байланысты және әмбебап тәжірибені беруге көмектеседі.